Биыл Маңғыстау – Бейнеу учаскесінде 72,6 км жолға күрделі жөндеу жоспарланған

Инфрақұрылым
13.12.2022, 10:28
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы кезде жол шаруашылығын жаңғыртуда жетістіктер жоқ емес. Түйіспелі рельстер түйіспесіз рельстерге, ағаш шпалдар темірбетонды шпалдарға ауыстырылып, жыл өткен сайын жолдар жаңарып келеді. Түбек темір жолын сауықтыру бойынша биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жолдарға 25 метрлік рельстердің орнына жаңадан ұзын түйіспесіз рельстер салынды. Атап айтсақ, Бейнеу – Тассай телімінде Бейнеу – Парк Б – Алтай – Теректі – Сам аралықтарындағы 38,466 шақырым жолға осындай ұзын түйіспесіз рельстер төселді. Түйіспесіз жолдың буынды жолға қарағанда ерекшелігі – түйіспелерге жұмсалған бекітпелер үнем және қоршаған ортаға шығатын шуды азайтып, жылжымалы құрамның жүріс жайлылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жолдың тозу деңгейін де азайтады. Темірбетонды шпалдардың қызмет көрсету мерзімі ағаш шпалға қарағанда 3-4 есе жоғары деседі мамандар.  

Жұмыс әлі жүріп жатыр, ол жыл соңына дейін жалғаспақ. Осы желтоқсан айында Бейнеу, Үстірт, Сай-Өтес, Шетпе, Манғыстау, Қарақия станцияларының бас жолдары мен станциялық жолдарында жатқан 8 дана ескі ағаш шпалды бағыттама бұрмасын су жаңа темірбетон шпалды бағыттама бұрмасына ауыстыру межеленіп отыр. Жыл басынан бері осындай жұмыстар Сай-Өтес, № 7, 9 бекеттерде жүзеге асырылып, 4 дана бағыттама бұрмасы жаңартылған еді.  

– Биылғы жыл Маңғыстау – Бейнеу учаскесінде 72,6 шақырымға күрделі жөндеу жоспарланған. Бекет 14 – Бекет 15 аралығында 21,89 шақырым, Бекет 3 – Үстірт – Бекет 5 аралығына – 28,65 шақырым, Бекет 16 – Тамақ – Маңғыстау станциясы аралығына 22,06 шақырым. Өткен он бір ай ішінде екі перегондағы жұмыстар толығымен аяқталды. Қазірде үшінші учаскедегі Бекет 16 – Тамақ – Маңғыстау аралығына 30 жұп түйіспесіз жолдың 24 жұбы төселіп болды. Ал бөлімше бойынша жалпы көрсеткіштерге келсек, өткен 11 айда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі тіркелмеді. МДК жол өлшегіш вагонының тексеріс қорытындысы да көңілден шығады. Жол күтімі 41 бірлікке орындалып, 137 пайызды құрады. Жоспар 65 бірлік болатын. Сонымен қатар, 160 шақырым жерге малға қарсы жаңадан қоршау салынып, 20 шақырым қоршау жөндеуден өткізілген. Тек қолайсыздық туғызып тұрған бір нәрсе – ауа райынан, яғни шаңды дауылдан темір жол үстін құм-топырақ басып қалуы орын алғанда пойыздар қозғалысына қауіп төндіреді. Құм басқан жерлерді тазалауға жұмысшылар, қажетті техникалар жұмылдырылып, қыруар ресурс жұмсалуда, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Марлен Көктеубаев.  

 

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде