Теміржолды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жол картасы әзірленуде

Инфрақұрылым
20.12.2022, 09:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алдағы жеті жылда 11 мың шақырым жол табанын сауықтыру көзделеді. Яғни, 2029 жылдың соңына дейін осынша теміржол учаскесін күрделі жөндеу жоспарланып отыр.  

Келесі, 2023 жылдың өзінде 882 шақырым темір жолда түбегейлі сауықтыру жүргізіліп, күрделі жөндеуден өтетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында іске асатын шараларды таныстырғанда мәлімдеді. Айтуынша, 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеует тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Бекіту мерзімі – жылдың соңына дейін.  

– Инфрақұрылымдық теміржол жобалары іске асырылуда. «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдарының құрылысы биыл қараша айында басталды. Қалған жобалар бойынша техникалық құжаттама әзірленіп жатыр. Республикалық маңызы бар автожолдар мен жергілікті желіні салу және реконструкциялау жалғасуда. 2029 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар 22 мыңнан астам автожолдың құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр, – деді Қайырбек Өскенбаев.  

Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі Жол картасын әзірлеуге кірісті.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті