Белкөл станциясында жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді

Инфрақұрылым
14.03.2023, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биыл теміржол саласының инфрақұрылымын дамытатын қомақты жобалар іске асырылуда. Соның бірі – Қызылорда темір жолының Белкөл станциясында салынған жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Көпірдің ашылу салтанатына Қызылорда қаласының әкімі бастаған билік өкілдері мен теміржолшылар қатысып, көпшіліктің қуанышын бөлісті.  

– Бұл көпір халықтың көп жылдан бергі сұранысы бойынша салынып отыр. Құрылысы 2021 жылы басталды. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізгені үшін мердігер мекеме «Голден сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Ұлт даналығында «құдық қазған, көпір салған және ағаш еккен» сауапқа кенеледі деген тәмсіл бар. Бүгінде біз сол сауаптың ең күрделісі мен маңыздысын орындадық. Мұны адам тағдырына жауаптылық, қолайлы мүмкіндік жасау жолы деп есептеймін. Жаңа көпір жергілікті тұрғындардың теміржолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз, – деді қала әкімі Асылбек Шәменов.

Белкөл бекеті – Қызылорданың іргесіндегі үлкен станция. Темір жолдың қос қапталында орналасқан халық саны да жылдан-жылға көбейіп, қалаға қосылып кеткен деуге болады. Сондықтан соңғы кезде жаяу жүргіншілер үшін темір жолдан өту, қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай қиындаған. Станциядағы 15-16 жолдың үстінен тартылған ұзындығы 100 метрдей болатын темір конструкциялы көпір құрылысы жергілікті әкімдіктің тапсырысымен 2021 жылы басталып, сапалы да берік отандық материалдардан салынған.  

– Бұған дейін бекетке тоқтаған жүк пойыздарының арасынан жаяу жүргіншілер кедергісіз өтуі үшін вагондардың арасын бір-бірінен ажыратып қоятынбыз. Жаяу жүргіншілер өткелінің тұсына келген вагонды құрамнан ажыратып қосымша жұмыс жасайтынбыз. Ал маневрлік жұмыстар кезінде жолға адамдар шығып кетпеуін қадағалап алаңдаушы едік. Енді тұрғындар қауіпсіздік ережесін сақтап, тек көпірден өтетін болады деп үміттенеміз, бұл біздің жұмысымызды әлдеқайда жеңілдеткен болар еді, – дейді Белкөл станциясының бастығы Кенжебек Өтегенов.  

 

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады