Магистраль бойындағы модульдік кабельдер жаңарады

Инфрақұрылым
31.03.2023, 09:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу – Жезқазған темір жолының бойындағы Шалқар – Тассай телімінде электр желілерінің күйі мен күтімі сенімді қолда. Биыл бағдаршамдар мен жол бойындағы шамдарға ревизия жасалып, модульдік кабельдер ауыстырылады.

Жалпы, еліміздің транзиттік әлеуетін еселеп арттырған Бейнеу-Жезқазған магистралі пайдалануға берілгеніне санаулы ғана жыл өтсе де жүк тасымалы жылдан-жылға артып, жол бойындағы ірілі-ұсақты станциялар дамып жатыр.  

Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясына қарайтын Тассай учаскесі осы магистраль бойындағы 207 км байланыс желісін қамтиды. Олар Шалқар-Тассай аралығындағы алты разъезд бен үш станцияға электр энергиясын беріп отыр. Желіге сапалы техникалық қызмет көрсету талапқа сай жүруде. 10 мың киловольттық трансформатор мен кабельдік желілер жұмысы тұрақты бақыланады.  

Жуырда Шалқар-Тассай аралығындағы электр қондырғылары сынақтан өтті.  

«2022 жылы алты разъездегі электр желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Станциялардағы 4000-6000 вольттық трансформаторларға ревизия жасалды. Әуе желісіндегі электр жүйелері тексеріліп, бағаналар бойындағы ақаулар қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар жоспарлы алдын алу шаралары үнемі атқарылады. Бұл жұмыстар барысында әрине еңбек қорғау ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді», – дейді Тассай электрмен жабдықтау учаскесінің бастығы Кенжетай Есболсынов.  

Заманауи үлгіде салынған Тассай учаскесіндегі барлық тіршілік көзі электр қуатымен байланысты. Пойыздар қозғалысын реттеп отырған кабелдік желілер мен бағдаршамдар, белгі беру және байланыс жүйесі, станциялардағы диспетчерлер жұмысы – бәрі-бәрі электр көзімен тікелей байланысты. Одан бөлек елді мекендер мен кеңселер, жұмысшылар жатақханасындағы жылу мен суға дейін электр қуатымен жұмыс істейді. Сондықтан Тассай электрмен жабдықтау учаскесінің ұжымы жауапкершілік жүгін жақсы түсініп, қуат көзінің бір минут та үзілмеуін қадағалайды.  

«Күн жылына бастады, таяу күндері модульдік кабельдерді ауыстыра бастаймыз. Жеті генератордың үздіксіз жұмыс жасауын қадағалайды. Ақау болса, генератор көмегіне жүгінеді. Бірақ қазіргі күнге дейін ондай жағдай болған жоқ», – дейді учаске басшысы.  

Айтуынша, қарамағында 21 адам жұмыс істейді. Оның жетеуі аға электр механик, қалғаны электр механиктер. Бәрі де қауіп-қатері мол кәсіпті терең меңгерген мамандар.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат