Тереңөзек станциясында бағыттамалық бұрма ауыстырылды

Инфрақұрылым
14.04.2023, 10:39
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда жол дистанциясының жолшылары Тереңөзек станциясының оңтүстік алқымындағы нөмірі бірінші бағыттамалық бұрманы ауыстырды.Таңертеңгі сағат онда басталған жұмыс алты сағаттық толаскезді түгел қамтып, сәтті аяқталды.

Бағыттама бұрмасын ауыстыру жұмысына Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясы жолшыларынан бөлек Қызылорда қалпына келтіру пойызының еңбеккерлері ауыр техникаларымен, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының және Тереңөзек станциясының теміржолшылары жұмылдырылды. Толаскез басталысымен ЕДК-300/2 көтергіш кранының көмегімен ауыстырылатын бұрманы алып, орнына жаңасын салу жұмысы мамандардың қатаң бақылауымен жүргізіле бастады. Бұл жерде бағыттамалық бұрманың салынуында шеберлік пен өзіндік тәсіл бар, себебі ауыстырып келе жатқанда бөлік рельстерінің кемдеу немесе артық қалып, дәл орнына келмей қалуы әбден мүмкін. Мұндай кем-кетікті тез арада орнына келтіретін тәжірибелі жолшылардың көне әдістері маңызды саналады. Әдіс болғанда олар сырттан, тосын ешнәрсе алып келмей-ақ технологиялық талапқа сай қимыл жасап, рельстердің ретін келтіріп жібереді. Бұл жерде талай жылғы тәжірибе үлкен рөл атқаратын болуы керек.  

Бағыттамалық бұрманы ауыстыру жұмысын нәтижелі әрі уақытында өткізу үшін толаскезге берілген уақыттың әр сағаты мен минуты күнібұрын жоспарланған. Жол жөндеушілердің әрбір тобы өздеріне бөлінген жұмысты жылдам әрі сапалы атқаруға тырысуда. Жол дистанциясы бастығының орынбасары міндетін атқарушы Мұрат Байділдаев пен дистанцияның техникалық бөлімінің жетекші инженері Ахметқали Елеусінов барлық жұмысқа басшылық жасап жүр.  

Толаскез кезінде тәжірибелі теміржолшылардың атқарар жұмысы жауапты әрі маңызды саналады. Олардың төрт бөліктен тұратын бағыттамалық бұрмалардың ретімен алынып салынуын бақылап, бұрма рельстерінің есеппен біріне-бірінің жалғау сәтіндегі шеберлігіне көп нәрсе байланысты. Телім басшысы Абзал Айтжанов, телім басшысының орынбасары Дастан Зәмірбекұлы, жол шебері Сейтқасым Жұмаділов жұмысты ұйымдастырып әрі басқарып жүрсе, Алмат Бекішов, Мақсат Сексенбаев, Дәулеткерей Ибрагим, Қалдыбек Досмамбетов, Арслан Сүйеубай және Жеңіс Жаналиев сынды жол жөндеушілер нәтижелі жұмыс үлгісін көрсетуде.  

– Бұған дейін де бұрмалар ауыстырылып келгенімен әрбір толаскезге арнайы дайындық жасалып, бірінші рет өткізіп жатқандай ыждаһатпен іске кірісеміз. Әріптестерімнің әрқайсысы өздеріне бекітілген жұмысты жақсы біледі. Сондықтан сапалы жұмысқа кепілдік береміз, – дейді дистанцияның техникалық бөлімінің жетекші инженері Ахметқали Елеусінов.  

Станциялық жолдардағы бағыттамалық бұрманы ауыстырудың жауапкершілігі айрықша. Себебі бекеттен кесте бойынша өткізілетін пойыздарды қаңтарып қоймай, алдын ала келісілген кесте бойынша қосымша жолдарда қабылдап жөнелтіп жатады. Бұл жолы да Тереңөзек станциясы бастығының тікелей қадағалауымен кезекшілердің сауатты іс-әрекеті нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі бұзылмай, құрамдар кестеге сай келіп-кетіп жатты.  

 

Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді