Маңғыстауда жол сапасы жақсарды

Инфрақұрылым
25.04.2023, 11:06
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жолдардың сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Ақпан-наурыз айларында Бейнеу-Тассай учаскесінің Жарқұм-Сорша-Тұрыш-Ноғайды аралығында жүргізілген жұмыс нәтижесі аймақ жолдарын айтарлықтай сауықтырған.

Таратып айтсақ, 54 шақырым жолда 25 метрлік рельстер орнына жаңадан 800 метрлік түйіспесіз рельстер салынды. Биыл Бейнеу, Үстірт, №7 бекет, Сай-Өтес, Шетпе, Манғыстау, Қарақия, Жетібай станцияларының бас жолдарында жатқан барлығы 24 дана ескі ағаш шпалды бағыттама бұрмасын жаңа темірбетон шпалды бағыттама бұрмасына ауыстыру жоспарланған. Қазірге дейін оның 14 данасы келіп, алтауы қажетті жолға салынған. Тағы 8 дана бағыттама бұрма сәуір-мамыр айларында орнатылмақ. Қалған 10 дана бағыттама бұрмасы жыл соңына қарай келеді деп күтілуде.  

Түбекте жол күтімін жасап, пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету оңай емес. Маңғыстаудың құрғақ климаты салдарынан жиі шаңды дауыл тұрып, құм борап, жолдың бетін топырақ басып қалады. Қозғалысқа қауіп төндіріп, жолшыларға артық жұмыс туындатады.  

– Бөлімшеге қарасты теміржолдың өткізу қабілетін арттырып, жағдайын жақсарту бағытында жыл сайын қажетті жаңарту, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде көрсеткіштеріміз де жаман емес. МДК жол өлшегіш вагонның тексеріс қорытындысына сәйкес жол күтімі 43 баллдық бірлікке орындалды. Жоспар 58 балл болатын, яғни орындалуы 126 пайызды құрап отыр,– дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде, жол бөлімінің бастығы Марлен Көктеубаев.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті