Қазалыда жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Инфрақұрылым
12.07.2023, 13:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы жол дистанциясы ауа райының аса қолайсыз, аптап ыстығына қарамастан жолдың ағымдық күтімін жасап жатыр. Әрине басшылықтың арнайы бұйрығымен белгіленген жұмыс сағаты аясында.

Бүгін де таңғы салқынмен жұмысты өндіріп алуды жоспарлаған жолшылар ерте  іске кірісті. Сағат сегіз болмай бекеттің солтүстік алқымындағы сары жилет кигендер қыбырлап жүрді. Өздері үшін күнделікті қатардағы шаруа саналатын бүгінгі жұмыс көне ағаш белдемелерді жаңа белдемелермен алмастыру екен.  Әне, жол табанындағы белдемелердің астын Нұрдәулет Мұратбекәлі мен Қанат Бабақ күрекпен қазып алу арқылы босатып жатса, екінші топ оның орнына жаңа ағаш белдемелерді дайындап сала бастады. Дәулет Меңделбаев жұмыс кезінде  электрожетекке залал келмес үшін жетек маңын мұқият қазып орнына тас төсеуде, ал тағы бір жолшы қолына ұстаған балғасымен белдемеге бекітпелерді құлаштап ұрып кіргізіп жатты...  

Ал осы жасалып жатқан жұмыстардың барлығының технологиялық талапқа сай жасалуын дистанцияның жол шебері Сахи Ахметұлы қадағалып, әріптестерімен бірге бүгінгі күннің алғашқы тапсырмасын жасауда.

– Бекеттің солтүстік алқымындағы станциялық 28 жолдың көне ағаш белдемелерін жаңасымен ауыстыруға тапсырма берілгендіктен жанымдағы әріптестеріммен бүгін осы жұмысты атқарып жатырмыз. Бұл біздің жолдарды күнделікті ағымдық күтімде ұстау барысында атқаратын қатардағы жұмыстың бірі болып саналады, күрделі ештеңе жоқ. Дегенмен сақтық шараларын сақтап, технологиялық талаптардың қатаң сақталуын естен шығармаймыз. Жалпы жолшы деген жылдың қай мезгілі, қандай ауа райы болмасын тәулік бойы жол бойында жолдың бабын жасайтын халық қой, сондықтан кез келген күтімдік жұмыстар үйренген қолмен тез және сапалы атқарылады, тәжірибе бар ғой, – дейді жол шебері Сахи Ахметұлы.

Ағымдық күтім жұмыстары электр желілері мен бағыттамалық бұрма, бағдаршамдар секілді құрылғылар маңында жасалып жатқандықтан ШЧ, ЭЧ сынды оларға жауапты мекемелер өкілдері де жолшылармен бірге осы жерде жүр.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда