Көптен күткен көпір пайдалануға беріледі

Инфрақұрылым
05.10.2023, 14:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аса қауіпті аймақ саналатын теміржолда адамдар қауіпсіздігі – маңызды мәселе. Елді мекендерді кесіп өтетін теміржолдан әрілі-берілі өтетін тұрғындар үшін арнайы өткелдер мен аспалы көпірлер салу – қай кезде де өзекті тақырып. Осы бағытта Қызылорда теміржолында бірнеше ауқымды жобалар қолға алынып отыр.

Жыл басында Белкөл станиясында жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілсе, бірнеше жылдан бері айта-айта жауыр болған мәселе – қаланың Шұғыла және КБИ тұрғын аудандары арасынан өтетін теміржол бойында салынып жатқан көпір қазан айында пайдалануға берілмекші. Өткен түні арнайы толаскез беріліп, көпірдің металдан құрастырылған аркалы ұстыны қойылды. Нысанның сметалық-технологиялық құжаттарға сай салынуын қадағалап жүрген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов көпір құрылысының басым бөлігінің аяқталып, осы ай ішінде пайдалануға берілетінін білдірді. Теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын «Гүлнұр МК» серіктестігі жүргізіп жатыр. Және дәл осындай көпір Жалағаш ауданының орталығында да салынып жатыр, ол көпірдің де құрылысын аталған мекеме құрылысшылары жүргізіп жатыр және жақын күндерде пайдалануға беретін болады.

– Бөлімшенің Қызылорда-Белкөл станциялары аралығында салынып жатқан көпір құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыстың қарқынды жүргізілуі үшін теміржолшылар тарапынан кедергі болып жатқан жоқ. Дер кезінде толаскез беріліп, жұмыс үдерісі қадағалануда. Мәселен, өткен түні сағат 00.40-тан 03.40 дейін үш сағат, бүгін таңертең сағат 08.00-ден бастап сағат 10.00 дейін екі сағат, жалпы бес сағаттық толаскез берілді. Көпір темірбетон және металлконструкциядан салынып жатқандықтан бекітпелердің берік бекітілуі, бетон бағандардың сапалы құйылып, дұрыс орнатылуы, бұрыштардың құрылымы секілді технологиялық ерекшеліктердің дәлме-дәл сақталып, жалпы құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуін назарда ұстап отырмыз, Қызылорда жол дистанциясының мамандары құрылысшылармен бірге жұмыс басында жүр, – деді бөлімшенің бас инженері Берік Бекжанов.

Осыған дейін қаланың Шұғыла және КБИ тұрғын аудандары арасында қатынаған халық теміржолды кесіп өтіп, өмірін қатерге тігуге мәжбүр болып келген еді, ол туралы талай рет жаздық та. Қайғылы жағдайлар да болмай қалған жоқ.  

– Шұғыладағы мектепке қатынаған балалар теміржолдан қалай өтті екен деп жанымызды шүберекке түйіп отырушы едік. Көпір салынып жатқанын күнде көріп уайымымыз сейіліп келеді. Енді сәл күнде су жаңа көпірді пайдаланатын боламыз деп қуанып жатырмыз, – дейді КБИ ауданының тұрғыны Асан Нұржанов.

– Салынып жатқан нысанның негізгі тірегі мен көпір табаны темірбетоннан, аркасы мен баспалдақтары металлконструкциялы болып бекітілген, екі басында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 2 жеделсаты (лифт) салынуда. Құрылыс жұмысының басым бөлігі атқарылды, бүгін көпір аркасы салынды, апта соңында көпір табанын орнату жоспарлануда, жалпы осы айда толық бітіп, көпір пайдалануға берілетін болады, – дейді көпір құрылысының жұмыстарын үйлестіруші «Гүлнұр МК» ЖШС участок бастығы Әлімхан Сағындықов.

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті