2029 жылға дейін 11 мың шақырым жол жөнделеді

Инфрақұрылым
09.01.2024, 10:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Былтыр «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалында 7 стратегиялық бастама іске асырыла бастады. Атап айтсақ, қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 2030 жылға дейін арттыру бағдарламасы, 2029 жылға дейін 11 мың шақырым жолды жөндеу бойынша өндірістік бағдарлама, жол және қалпына келтіру жұмыстары үшін заманауи техника сатып алу бағдарламасы, қазақстандық институттың қатысуымен дирекцияны дамыту бағдарламасы, санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағдарламасы және ғимараттарды жөндеу жөніндегі бағдарлама.

Қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 2030 жылға дейін арттыру бағдарламасы арқылы теміржол станциясын дамыту, 2814 км автоматты бұғаттау, 338 км қосалқы және айналма өтпе жолын іске қосу жоспарланған. Станцияларды дамытуға ірі жүк жөнелтушілердің жеке инвестициялары тартылды. «ТрансКом» ЖШС-мен бірлесіп, Ақсу-1 станциясын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі бойынша жұмыс жалғасын табуда. Сонымен қатар «Шұбаркөл көмір» АҚ инвестициясын тарта отырып, Жарық – Жезқазған учаскесін дамытуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Қызылжар станциясында жер төсемін тегістеп жол төсеу жұмыстары атқарылды. Қостанай станциясының солтүстік паркінің 7 жолы теміржолшылардың өз күшімен қалпына келтірілді. Осы станцияда биыл жолды ұзарту және сұрыптау паркін автоматтандыру жоспарда бар.  

Ал 2029 жылға дейін 1,4 трлн теңге сомасына 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаға сәйкес 2023 жылы жоспардағы міндеттер 103% орындалды. Бұл ұзақмерзімді бағдарламаны жүзеге асыру үшін еңбек өнімділігін арттыру шаралары қолданылуда. Теміржолдағы маневрлік және қосалқы жұмыстар үшін 4 тиеу көліктік мотовозы сатып алынды. Олар кран қондырғысымен, 10 және 22 адамдық кабиналармен жасақталған. Қол еңбегінің үлесін азайту және өндірістік процесті жеңілдету мақсатында шағын механика құралдары да алынды.  

Жол және қалпына келтіру жұмыстары үшін заманауи техника сатып алу бағдарламасы бойынша Қарағанды және Қызылорда бөлімшелеріне 2 мотовоз жеткізілді. Жыл соңына дейін Алматы және Жамбыл бөлімшелеріне де 2 мотовоз алынбақ. Қазақстандық институттардың қатысуымен «Магистральдық теміржол желісін дамыту» бағдарламасына сәйкес қолданыстағы инфрақұрылымды жетілдіру арқылы бірінші кезекте транзиттік бағыттарда өткізу қабілетінің резерві қамтамасыз етіледі.  

Өндірістік бағдарламаларды іске асырудан басқа қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. 2023 жылғы сәуірде бекітілген Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту, еңбекті ұйымдастыруды арттыру бағдарламасы шеңберінде жол шаруашылығы қызметкерлерінің демалып алуына арналған жылыну бекеттері ретінде 1 224 контейнер қайта жасақталды. Шалғай учаскелерде жұмыс істейтін ПЧ, ШЧ мекемелері жұмысшыларына арнап 132 модульді ғимарат сатып алынды, олар жиһаздармен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және теміржолшылардың қолайсыз климаттық жағдайда да жайлы жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да заттармен қамтамасыз етіліп, барлық инженерлік ғимаратқа инженерлік коммуникация қосылды. Тозығы жеткен ЭЦ-лар мобильді ғимараттарға көшірілді.  

Жол, сигнализация және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының жұмысшылары мен саймандарын жұмыс орнына ары-бері тасымалдау үшін заманауи модификациялы және жайлы автомобиль көлігін жеткізуге қайтадан келісімшарттар жасалды. 384 автомобиль көлігін алу көзделіп отыр, олар желілік бөлімшелерге бөлініп, таратылады. Еңбекте жайлы жағдай жасау үшін тұрмыстық және өндірістік үй-жайлар тұрмыстық техникамен жарақталып, жаңа жиһаз кіргізілді. 2023 жылы ғимаратты жөндеу бағдарламасын іске асыру шегінде «Теміржолсу» АҚ-мен арада өндірістік және әкімшілік тұрмыстық ғимаратты ағымдағы жөндеуге келісімшарттар жасалды. Өндірістік ғимараттарды күрделі жөндеу бағдарламасына сәйкес 2024 жылы 2 ғимаратты күрделі жөндеу жоспарлануда. Барлық кәсіпорындарға бірыңғай форматтағы маңдайшалар орнатылған.  

Компания 2024 жылды еңбек қорғау және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін технологиялық процестерді сақтау жылы деп жариялады. Бұл пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, технологиялық процестерді, апат болмайтын жұмысты қалыптастыруға, жолдар мен құрылыстардың ақауын дер кезінде және сапалы түзетуге мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда