Өскемен теміржол вокзалы қала меншігіне қайтарылмақ

Инфрақұрылым
01.02.2024, 11:25
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өскемендегі теміржол вокзалының сапасы сын көтермейді. Қала әкімі Жақсылық Омар тарихи ғимаратты коммуналдық меншікке қайтаруды талап ететіндерін жеткізді.    

Тарихи нысан 2000 жылдардың басында жекеге берілген. 20 жыл ішінде вокзал ғимаратының иесі бірнеше рет ауысқан, бірақ ешқашан жөндеуден өтпеген. Бұл  жергілікті халықтың наразылығын тудырып отыр екен. Қала әкімі Өскемен вокзалы ғимаратының иесімен кездесіп, оның жоспарларын білмек болған әрекеті жауапсыз қалған, яғни кәсіпкер кездесуге келмей қойған.

Әкімнің айтуынша, ғимарат жекеменшікте болғандықтан күрделі жөндеуге бюджет қаражаты берілмейді. Вокзал иесіне 15 ақпанға дейін мерзім берілді. Осы уақытқа дейін ол өз мүлкін жөндеу жоспарын құруы керек. Сондай-ақ нысанда санитарлық-эпидемиологиялық және сәулет ескерткіштерін күтіп ұстау бойынша барлық талаптардың сақталуына бірден бірнеше тексеру басталады.

 – Өскеменде жекеменшік кәсіпкердің өз меншігіндегі Металлургтер сарайын сауна, бар, көңілді демалуға арналған орындарға айналдырған жағдай болды. Біз бір жыл соттасып, ғимаратты мемлекеттік меншікке алдық. Қазір Өскемен вокзалын да қайтарып алуға күш саламыз. Өз тарапымыздан барлық көлік инфрақұрылымын ретке келтіреміз. ҚТЖ-дан да көмек сұраймыз. Вокзал Өскемен қаласының  мақтанышына айналуы тиіс, – дейді Ж.Омар.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды