Шиелі станциясында бұрмалар жаңартыла бастады

Инфрақұрылым
05.03.2024, 11:13
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары қалпына келтіру пойызының қызметкерлерімен бірлесіп бағыттамалық бұрманы ауыстыру толаскезін сәтті өткізді. Биылғы жылдың жоспарына сай бағыттамалық бұрмаларды жаңарту жұмыстары Шиелі станциясында басталды.

Қызылорда жол дистанциясының жетекші инженері Ахметқали Елеусінов, дистанция бойынша биылғы жылы жаңартылуы тиіс 16 бағыттамалық бұрманың алғашқысы Шиелі станциясында жүріп жатқанын атап өтті. Жолдарды талапқа сай сауықтырып, ұдайы жаңғыртып, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жұмыстары алдағы күндері Ақмая бекетінде, одан кейін өзге телімдерде жалғаспақ.  

Шиелі станциясының оңтүстік алқымындағы №21 бағыттамалық бұрманы ауыстыру жұмысында станция теміржолшылары маневрлік жұмыстарды ұйымдастыруды қолға алса, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары электр қуатының уақытылы ажыратылып, қажет нүктені ток күшімен жабдықтау жұмыстарын атқарған. Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясының өкілдері ауыстырылған бағыттамалық бұрманың электрлі жетегінің орналастырылып, қалыпты жұмыс жасауын реттеуде, Қазалы вагон пайдалану депосының теміржолшылары болса бұрмалар тиелген жұмыс пойызы құрамының тиісті орынға жеткізілуіне міндеттелген екен. Алты сағаттық толаскез барысындағы негізгі салмақ жолшылар қауымы мен Қызылорда қалпына келтіру пойызының теміржолшыларының еншісіне түсіп отыр. Жалпы алғанда бағыттамалық бұрманы ауыстыру толаскезін барлық теміржолшылар «бір атаның баласындай» ынтымақтасып, ауызбіршілікпен уақытты тиімді пайдалана отырып атқаруда.  

Бағыттамалық бұрманы ауыстыру үшін маневрлік тепловоздың, Қызылорда қалпына келтіру пойызының ЕДК-300/2 жүк көтергіш кранының, баспаналық модуль, такелажка мен жаңа темірбетон бағыттамалық бұрмалар тиелген екі платформаның жақын маңға әкелуіне кран машинистері Дулат Жұмасейітов пен Қайрат Баданов, машинист көмекшісі Валерий Камнев, шебер Бағдат Пришев жұмылдырылып, нұсқаулық бойынша әрекет етті. Ескі бұрма сөгітіліп алынып, оның орнын қажетті деңгейге дейін тегістеп тазалау жұмыстарын бульдозер жүргізушісі Дәулет Балманов атқарды. Осылайша толаскездің әрбір минутын теміржолшылар ұтымды пайдалана білді.  

Электр станциясының машинисі Александр Воропаев, жолсерік Дана Сұңқарбаева да өздеріне бекітілген тапсырмаларды тыңғылықты орындады. Кранмен көтеріліп, түсірілетін заттарды нақты орнына жеткізуде стропальщик Ғани Баянбаев кәсіби шеберлігімен көзге түсті.  

– Біздің ұжымның теміржолшылары мұндай жұмысты әрдайым атқарып жүрсе де, әрбір толаскезге үлкен дайындықпен келеді. Ауыстырылатын бағыттамалық бұрма шартты түрде төрт бөлікке бөлініп жиналып, осы ретпен бөлек төселіп құрастырылады. Әр бөліктің салмағы да, ұзындығы да әртүрлі. Мысалы, бағыттамалық бұрманың рельс қаңқасынан СПК-ге дейінгі бөлігінің салмағы шамамен 12 тонна, бұрманың өзге бөліктерінің салмағы да осы шамада болғандықтан әр бөлікті көтеру, түсіру, бір-біріне жалғап төсеуге біліктілік пен тәжірибе қажет. Біз сеніп тапсырылған осындай жауапты жұмысты белгіленген толаскез кезінде нәтижелі атқара білдік, – деді Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Берік Әбжаппаров.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда