Аққұм – Талап учаскесінде күрделі жөндеу басталды

Инфрақұрылым
28.03.2024, 12:46
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Көктем келіп жердің тоңы жіби бастағаннан аймақ теміржолшыларының жол қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы кешенді жұмыстары артты. Қызылорда жол дистанциясының Аққұм – Талап учаскесінде 4,8 шақырым аумақта күрделі жөндеу басталды.  

Таңалагеуімнен басталған толаскез барысында 1500 метрге су жаңа отандық рельс тізбектері төселді. Биылғы жылға жоспарланған күрделі жөндеудің алғашқы толаскезі болғандықтан жолшылар арнайы құрбандық шалып, жұмысқа кірісті.   Бөлімше мен дистанция басшылары төселетін рельс тізбектерінің технологиялық талаптарға сай салынып, барлық қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын  назарда ұстады.    

– Дистанцияның Аққұм – Талап учаскесінде таңертең басталған 12 сағаттық толаскез кешкі 18 сағат 35 минутқа дейін жалғасты. Телім екі жолақты, әрі тақ жолдың 3029 шақырымының 8 пикетінде бірнеше метрлік көпір болғандықтан технологиялық талапқа сәйкес көп жұмыс жасалды. Көпірден ағын судың кідіріссіз, қауіпсіз өткізілуі назарға алынды. Жолдың ашылып-жабылуын реттеу, кесте бойынша телімнен өткен пойыздарды кідіріссіз өткізу талаптарының орындалуына мән беріліп, толаскез уақыты тиімді пайланылуға күш салдық. Жоспарлаған жұмысты белгіленген уақыттан жарты сағат бұрын бітіріп, жолды ашуға қол жеткіздік, – деді дистанция бастығы Марат Оңалов.

«Интегра констракшн» компаниясы Батыс дирекциясының бастығы Дәурен Сұлтамұратов барлық жұмыстың талапқа сай атқарылғанын жеткізді.

– Толаскезге күн ілгері дайындық жасалып, техникалардың барлығы тексеруден өткізілді. Күрделі жөндеу жұмыс басталған бойда әр топқа белгіленген басшылар нұсқама бойынша жұмыс жасап өз топтарының уақытты тиімді пайдаланып, тапсырманы дер кезінде орындауға күш салынды. Нәтижесінде толаскезге берілген уақытта 1500 метрлік жол табаны төселді, – деді мердігер компания жетекшісі.    

Күрделі жөндеуге кіріскен жолшылар жұмысты екі тарапта қатар жүргізді. Бір бөлігі ескі рельстерді УК краны жинай бастағанда екінші топ жаңа рельстерді төсеуге дайындықты бастап кетті. Енді бір бөлігі ескі рельстердің орнын технологиялық талапқа сай геодезистердің белгілеп берген тереңдігіне дейін аршып, тегістеуге кірісті. Жол төсемі дайын болғанда Жол машинасы станциясының директоры Әмірхан Жолдасбаевтың нұсқауымен су жаңа рельс тізбектерін УК кранының көмегімен төсеу басталды. Осылайша бір толаскезде 40 дана ҚДБ, рельс тізбегінен құралған 1500 метрлік жол күрделі жөндеуден өткізілді.  

Осы телімде көпір болғандықтан барлық сақтық, қауіпсіздік шараларының сақталуына аса мән беріліп, бақылау күшейтілді. Көпір шебері Смат Қалекев бастаған бригада жолшылары көпірден ағын суды өткізуде кедергі болмауын, теміржол көлігінің көпірден қауіпсіз өтуі үшін барлық талаптарды ескеріп жұмыс жасады.

Күрделі жөндеу барысында жер төсемін ысырып тазалауға ауыр салмақты Т-130, СД-22, СД-32 теміртабанды тракторлары, МПД және ВПО техникасы, жерді таптап тегістеуге ДЗ, GR-215 автогрейдерлері және өзге де жол техникалар жұмылдырылды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда