Қызылордада бағыттамалы бұрма ауыстырылды

Инфрақұрылым
19.04.2024, 11:06
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Қараиірім және Тереңөзек станцияларында екі бағыттамалық бұрманы ауыстыру жұмысы атқарылды. Қызылорда жол дистанциясы мен Қызылорда қалпына келтіру пойызының теміржолшылары бірлесе жұмыс істеп, толаскез уақытын ұтымды пайдалана білді.

Осыған дейін Аққұм-Талап учаскесінде күрделі жөндеуді бастап, Шиелі станциясында бағыттамалық бұрмаларды ауыстырып үлгерген жолшылар көктем шыға жоспарлы жұмыстарын үдетті.  

– Бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру – жоспарлы жұмыс. Сондықтан оған алдын ала дайындалып, толаскез уақытын қозғалысшылармен келісіп кірісеміз. Қараиірім бекетінде №1 және Тереңөзек станциясында 8-бағыттамалық бұрманы ауыстыру жұмысы Қалпына келтіру пойызындағы әріптестерімізбен бірге белгіленген уақыт ішінде сәтті аяқталды. Бұл өз кезегінде телімде қозғалыс қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға сеп болмақ, – дейді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов.  

Бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жұмысына Қызылорда қалпына келтіру пойызының баспаналық модулі, ЕДК-300/2 жүк көтергіш краны, жол техникалары, такелажка және жаңа темірбетон бағыттамалық бұрмалар тиелген платформалар қолданылды. Берік Әбжаппаров басқаратын қалпына келтіру пойызының теміржолшылары толаскезге алдын-ала дайындық барысында пойыз құрамының жұмыс басында орналасуын межелеп, бағыттамалық бұрма бөлшектерінің көтергіш кранның көмегімен түсіріліп-тиелуін бағдарлап, жұмыс жоспарын бекітіп алған. Сонымен қатар басқа да салалық мекемелердің теміржолшылары атсалысып, өз салаларындағы жұмысты қадағалады. Вагон қараушылар тепловоз бен вагондардың ажыратылып-жегілуіне жауапты болса, электр қуатының уақытылы, кідіріссіз берілуі, сигнал беру және байланыс құрылғыларының техникалық талап бойынша жалғануы, бекеттегі қозғалыстың кестеге сай атқарылуы секілді жұмыстар тиісті мекеме мамандары арқылы атқарылды.  

– Төрт бөліктен тұратын және әрқайсысы 10-12 тонналық бағыттамалық бұрмалар рет-ретімен тарқатылып алынып, оны платформаға кран машинисі Ж. Жүрсінов пен кран машинисінің көмекшісі Ж. Абдрашитов тиеп-түсірді, жаңа бұрманың төселуі үшін жол табанын бульдозер машинисі Дәулет Балманов тегістеп шықты. Осылай бір-бірімізге көмектесіп нәтижелі жұмыс атқардық ,– деді Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Берік Әбжаппаров.  

Толаскез барысы Магистральды желі бөлімшесі басшыларының қадағалауы және мамандардың бақылауымен жүргізілді.  

 

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады