Ағаш шпалдар ауыстырылуда

Инфрақұрылым
01.08.2024, 10:45
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шұбарқұдық станциясында жол табанын сауықтыру жұмыстары басталды. Станцияда бес жолда ағаш шпалдар темірбетонға ауыстырылуда. Жолға мал-жан шықпау үшін қоршау салу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.  

Жол  жұмыстарын Шұбарқұдық жол дистанциясы жүргізуде. Жасалып жатқан жұмыстар легін дистанцияның жол шебері Қалыбек Әлқуатов баяндап берді. Оның қарамағында 25 жолшы болса, бәрі де жазғы жол жұмыстарына жұмылдырылыпты.  

«Қазір станцияның  8,6,5,4,3 жолдарында баяғыдан жатқан ағаш шпалдар ауыстырылып жатыр. Әр жолда жұмыс көлемі әртүрлі. Мәселен, үшінші жолға 100 темірбетон шпал салынды», – деді Қалыбек Әлқуатов.  

Жол шеберінің айтуынша, өткен жылы станциядағы бес жолға күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Солардың арасында ауыспай қалған ағаш шпалдар биыл темірбетонға толықтай ауыстырылады. Техникалық талаптарға сай алдағы уақытта бұл жерде жылжымалы құрамның жылдамдығы да артады.

Шұбарқұдық станциясында орталықтандырылған 40 бұрма бар. Олардың барлығы автоматты түрде жұмыс істейді. Ал депо жолдарында 22 бұрма қолмен басқарылады. Жолшылар қауіпсіздік шараларына орай бағыттамалы бұрмаларды тазарту, шөп жұлу жұмыстарын да атқарып жатыр.  

«Үнемі қозғалыстағы бағыттамалы бұрмалардың жұмысын бақылап отырамыз. Бұрманың ұшы желініп, деңгейі түсіп кетсе, вагон доңғалақтары тайып, рельстен шығып кетуі мүмкін. Жұқарып қалмауы керек», – деді жол шебері.  

Сонымен қатар қазір Шұбарқұдық станциясы аумағында жолдың оң жағынан төрт шақырым қоршау салынды. Күзге дейін сол жақ бетіне де қоршау орнатылады.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды