Жол шаруашылығында жаңа технология қолданылып жатыр

Инфрақұрылым
13.08.2024, 09:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Хромтау-Алтынсарин темір жолының Ақтөбе бөлімшесі аумағында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жол төсемін қорғауға геотоқыма материал қолданылуда. Мамандар жаңа технология жол сапасын жақсартып, жолшылар жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді деп болжам жасап отыр.

Никельтау, Әйтеке би, Хромтау учаскесіндегі жөндеу жұмыстары шілде айында басталды. Күрделі жөндеу кезінде рельсті шпалымен көтеріп, жол төсемінің үстіне геотоқыма материал жабылады. Мамандардың айтуынша, бұл шпал астындағы қиыршық тастың құммен араласып, суды сіңіріп, қалпын өзгертуден сақтайды. Жоспар бойынша бұл телімдегі күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Дегенмен, жұмыс қарқыны жоғары, сондықтан теміржолшылар жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 15 шақырымда жұмыстар аяқталған.  

– Хромтау-Алтынсарин темір жолында жол төсемін қалыпқа келтіру үшін 2020 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2020 жылы жолдың 25 шақырымы қалыпқа келді. 2023 жылы 35 шақырым жөнделді. Биылғы жоспар 41 шақырым. Үйтас-Құдықсай, Құдықсай-Жоса, Жоса-Аққұдық аралығындағы жол төсеніші реттеледі. Рельс пен шпал толық алынып, жер төсенішінің беті қырылады, – деп ақпар берді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Медет Оразбаев.  

Никельтау жол дистанциясы жиырма жыл бұрын пайдалануға берілген Хромтау-Алтынсарин магистраліне қызмет көрсетеді. Жол төсемінде кемшін тұстар жоқ емес. Жаңбырлы кезде топырақ отырып, қалыпқа келтіру жұмыстары жиі жасалады. Техникамен жол төсеніштері қазылып, теміржол астындағы құм тегістеліп отырды. Техниканың мүмкіндігі 35-40 см жерді ғана қаза алады, ал жер төсенішінің биіктігі 7-8 метрге дейін кетеді. Ал темір жол астына үйілген топырақтың ең төменгі қабаты балшық боп езіліп, пойыз өткеннен кейін отырып қалады. Техника арқылы жолды қайта көтеріп, қайта тегістеуді қажет етеді. Бұл жолшылар жұмысын айтарлықтай қиындатады.  

– Ал мынау жаңадан қолданылып жатқан геотоқыма материал бойынан су өткізбейді, нәтижесінде су астына сіңбей, жанға ағып кетеді. Құрамы қатты болғандықтан қиыршық тасты да жібермейді. Материал қиыршық тастың астына түседі. Материал сапалы, мүмкіндігі мол, жол төсемін реттеу үшін енді рельсті қайта-қайта көтермейміз. Салынған жолды қалпында ұстап тұратын болады деген сенімдеміз. Материал Солтүстік Қазақстан облысынан келіп жатыр, – деді жол бөлімінің жетекші маманы.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл