Қызылордада күрделі жөндеу мәресіне жетті

Инфрақұрылым
06.09.2024, 09:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі биылға жоспарланған жолды күрделі жөндеуді толығымен аяқтады деуге болады. Ағымдағы жылы 43,16 шақырымдық аумаққа есептелінген күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай ерте көктемде басталып, бүгінге дейін жалғасты.

Күрделі жөндеуді жүргізген бас мердігер компания «Integra Construction KZ» серіктестігі «Батыс» дирекциясы екі дистанция телімдерінде жүз пайызға жаңарған жол телімдерін қыркүйектің алғашқы он күндігінде тапсыратын болады.  

Олар наурыз айынан бастап Қызылорда жол дистанциясының Аққұм-Талап учаскесінде 4,84 км, Ақмая мен Екпінді бекеттерінің арасында 7,03 км, 20 бекет-Шиелі станциялары арасында 2,7 км жолды толықтай жаңартты. Ал мамыр айында Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесінде 9,36 км аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін Қазалы жол дистанциясының Қамыстыбас-Бекбауыл станциялары арасында 19,31 шақырым жол жаңа темірбетонды шпалдармен ұзындығы 1500 метрлік шойын рельстерге ауыстырылды.  

– «Integra Construction KZ» ЖШС филиалы «Батыс» дирекциясының 2024 жылдың жоспары бойынша Қызылорда облысында 43,16 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындады, бір апта көлемінде толығымен бітеді. Күрделі жөндеу кезінде барлық жұмысты ұйымдастыру жауапкершілігі филиалдың жол машина станциясының директоры Әмірхан Жолдасбай мен прораб Берік Арықбайға жүктелді. Бұған дейін талай сыннан сүрінбей өткен әріптестерім бұл жолы да сенімнен шығып, жеке құрамды орнымен жұмысқа жұмылдырып, күрделі жөндеуді дер кезінде сапалы аяқтап отыр. Күрделі жөндеу кезінде берілген толаскездер тиімді пайдаланылып, жұмысқа 45 жол жөндеуші мен 20 дана қиыршық тас таситын және рельс-шпалды решетканы таситын жылжымалы құрамдар, 5 бульдозер, 2 автогрейдер, 5 автокөлік бірліктері қатыстырылды. Рельстер төселгеннен кейін жаңа жолдарды технологиялық талап деңгейінде бабына келтіру үшін МПД, ПЛ, УК, ЭЛБ, ВПО секілді ауыр жол техникалары жұмысқа жегілген, – деді «Integra Construction KZ» басшысы Дәурен Сұлтамұратов.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда