Қуат көздері жаңартылуда

Инфрақұрылым
27.01.2025, 09:19
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының Қараиірім, Қызылтам, Сұлутөбе станциялары телімдеріндегі ескі дизель-генераторлар заманауи BL маркалы генераторлармен ауыстырылуда.  

Белгі беру және байланыс құрылғыларын электр қуатымен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы бұл бағытта маңызды қадам жасап, ескі дизель-генератор агрегаттарын (ДГА) заманауи BL маркалы микропроцессорлық дизель-генераторлармен ауыстыруды қолға алды. Дистанциядағы қуат көздерін монтаждау, жаңарту жұмысының басы-қасында жүрген өндірістік бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков жағымды жаңалықтар жоспарлы жұмыстар негізінде атқарылып жатқанын білдірді.

— Ескі дизель-генераторлар төмен өнімділік, жоғары отын шығыны және экологиялық талаптарға сай келмейтін зиянды қалдықтардың көп мөлшерде бөлінуі байқалатын. Сонымен қатар олардың сенімділігі төмен болғандықтан, жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жиілігі артып, қосымша шығындарға әкелді. Ал мына заманауи BL маркалы дизель-генераторлардың артықшылықтары орасан зор. Мәселен, әр телімде жиырмаға жуық реленің, он шақты ОРс типті аккумулятор пайдаланылмай жұмысы қысқарады, жанармай шығыны айтарлықтай азаяды, бұл ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімділікті арттырады. Микропроцессорлық басқару жүйесі автоматты іске қосу, тоқтату және ақауларды анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. BL генераторлары халықаралық экологиялық стандарттарға сай келіп, зиянды қалдықтардың бөлінуін азайтады. Қызмет көрсету жеңілдігі: озық технологиялық шешімдердің арқасында техникалық қызмет көрсету уақыты мен шығындары азаяды. Жоғары сапалы компоненттері мен заманауи технологиялары арқасында үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - дейді бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков.

Әбдірахман Сырғабаев басқаратын дистанцияда өз ісінің шеберлері жеткілікті, сондықтан жұмыс сапасына сын жоқ. Осынау тиімді, сенімді агрегатты іске қосып жатқан электормеханиктер Мақсұтхан Мырзаханұлы, Қыдырбай Бексарыұлы, аға электромеханиктер Бати Ақберген және Сәбит Омашевтің еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ескі дизель-генераторларды заманауи BL маркалы генераторлармен ауыстыру — бұл теміржол саласындағы инновациялық қадам. Бұл шешім тек энергия тиімділігін арттырып қана қоймай, қызмет көрсету сапасын жақсартып, экологиялық талаптарға сай болуды қамтамасыз етеді. Дистанциялықтардың бұл тәжірибесі өзгелерге үлгі бола алады.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда