Маңғыстау теміржолында ауқымды жұмыс атқарылды

Инфрақұрылым
27.01.2025, 17:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Күрделі климаттық жағдайда орналасқан Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде инфрақұрылымдарды жаңғыртып, өткізу қабілеті мен жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында ілкімді істер жүзеге асырылуда. Былтыр Маңғыстау теміржолында қырық шақырымға жуық темір жол күрделі жөндеуден өткізіліп, жүз қырық шақырымнан астам жерге малға қарсы қоршау орнатылған. Сонымен қатар жұмысшыларды тасымалдауға тоғыз автокөлік алынған.

Аталған жұмыстар биыл да жалғасын таба ма, осы жылы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша қандай жаңалықтар болады деген сауалмен бөлімшенің «есігін қаққан» едік...  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Нұрлыбай Қисаевтың мәліметінше, 2024 жылы 38,851 км жолға жөндеу жүргізсе, 1400 шаршы метр ақауы бар жер ретке келтіріліп, 17 жиынтық бағыттамалық бұрма ауыстырылған. Станциялық жолдардың 2,645 шақырымы темірбетонды шпалдармен нығайтылған.  

Жолға мал шығуының алдын алу бағытында 145,5 км қоршау салынған. Жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін 20 модульдік ғимарат қолданысқа берілген. Түрлі типтегі 24 ғимаратқа жөндеу жасалса, Сай-Өтес станциясы бойынша пилоттық жоба аясында барлық жағдайы бар дрезина тұрағына арналған модульдік автогараж және гараж салынған. Бұл объект жұмысшыларды жұмыс орнына және темір жол арқылы кері тасымалдауға арналған дрезина мен автомотрис тұрағына арналған. Биыл жаңадан 8 дана модульдік типтегі гараж орнату жоспарланған.  

Маңғыстау станциясындағы теміржол вокзалының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталған. Бейнеу, Жаңаөзен, Болашақ станцияларында вокзалдар ағымдағы жөндеуден өткен. Автопарк жаңартылып, жұмысшыларды тасымалдауға 9 бірлік автокөлік алынған. Жолшылардың жылыну пункттеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 130 контейнер жылу пункттеріне айналдырылған.

– Былтыр темір жолда мал басу оқиғасы жиілеп кетті. Соған баса назар аударып, қоршау салу жұмыстарын жандандырдық. Жолдан шыққан шпалдарды кәдеге жаратып, шпал мен төрт қатар сым тартып, мал өте алмайтын 145,5 км қоршауды өз күшімізбен тұрғыздық. Биыл тағы да 87 км салу жоспарда бар, Сай-Өтес-№7-Бекет, Тұрыш-Сорша, Сорша-Жарқын станциялары арасын қоршаймыз. Яғни Бейнеу жол дистанциясы бойынша 34 шақырым теміржол аумағы қоршалады. Ал Маңғыстау дистанциясы аумағында №15-16, 11-12 бекеттер мен Жетібай-Жаңаөзен станцияларының арасына барлығы 53 шақырым жолға қоршау салынады.  

Былтыр күрделі жөндеу №2-3 бекеті аралығында 5,028 км, Бейнеу ст.-№460 бекеттер бойынша 3,803 км, №9-Маната-10 бекеттерінің аралығында 30,020 км жолға жүргізілді. Аз ғана аумақтағы ақауы бар жер төсемі немесе жаңбыр жауғаннан кейін балшық болып иленіп, кедергі келтіретін территорияға геотекстиль материалы салынып, нығайтылды. Жергілікті құрылыс бригадасының көмегімен ПЧ-12 Бейнеу бойынша 16, ал ПЧ-13 Маңғыстауда 12 нысанға ағымдық жөндеу жасалынды. Биылғы жылы тағы 13 объект жоспарда бар. Оның сегізі Бейнеу жол дистанциясына, бесеуі Маңғыстау жол дистанциясына тиесілі, сондай-ақ алдағы уақытта Сай-Өтес-№7 бекет аралығындағы 15,7 км жол күрделі жөндеуден өтеді, – деп ақпар берді жол бөлімінің бастығы.  

ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі
Аймақтар
05.03.2026
Әйел – әр шаңырақтың ажары
Әлеумет
05.03.2026
«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды
Қауіпсіздік
05.03.2026
Теміржол вокзалында балалар қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған