Жаңа өткел қосыны ашылды

Инфрақұрылым
28.01.2025, 09:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде теміржол өткелдері мен жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұл бағыттағы кезекті қадам Қызылорда жол дистанциясының Бәйгеқұм-20 бекет аралығында жаңа өткел қосынының ашылуы болды. Теміржол өткелдеріндегі кешенді жұмыстар аймақтағы жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қозғалыс қатысушыларына қолайлы жағдай туғызуды көздейді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен теміржол инфрақұрылымының сапасын арттыруға үлес қосады.  

Қызылорда жол дистанциясының басшысы Марат Оңалов бұл жоба тек өткел кезекшілерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, өткел аймағындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталғанын атап өтті.  

– Біз өткел кезекшілерінің жайлы әрі қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз етуді басты назарға алдық. Жаңа өткел қосынына заманауи бақылау құралдары, бейнебақылау жүйелері және байланыс қондырғылары орнатылды. Бұл тек теміржол қызметкерлері үшін ғана емес, аймақтағы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін де үлкен маңызға ие, – деді Марат Оңалов.  

Өткелде кезекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған заманауи құрал-жабдықтар мен бейнебақылау және қозғалысты басқару технологияларының енгізілуінен бөлек, қыста жылытып, жазда салқындататын желдету жүйелерімен қамтылуы секілді бірнеше маңызды артықшылықтармен ерекшеленеді. Өткелде кезекшілік ететін Ербол Нұртазаев, Рахат Әбенов, Еділбай Сегізбаев және Нұржан Тұрманов оның игілігін көріп отыр. Бөлімшедегі өткелдерді заманауи кейіпке келтіру бастамасы Қызылорда өңірінде өткел қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда