Қаракеткен – Қараиірім жол теліміне күрделі жөндеу сәтті аяқталды

Инфрақұрылым
31.07.2025, 11:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанцияларында жолды жазғы күтім жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы да сенімді жол салумен танылған «Integra Construction KZ» серіктестігінің «Батыс» дирекциясы қолға алған.

Сенімді серіктес жолды сауықтыру жұмыстарын бекітілген жоспар шеңберінде атқарып шығуға кіріскен. Биыл Қызылорда жол дистанциясының телімдерінде 36,3 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Күні кеше Қаракеткен – Қараиірім аралығындағы 5,59 км  жол теліміне күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл учаскеде тозығы жеткен ескі жол үсті конструкциялары толық жаңартылып, заманауи стандарттарға сай отандық өндірістегі су жаңа Р-65 типіндегі рельс тізбектері төселді.

Келесі кезекте Екпінді – Төменарық аралығындағы 8,19 км жол телімінде ауқымды жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Күрделі жөндеуге орай белгіленген толаскез мезгілінде жолшылар жұмысқа қызу кірісіп, балласт төсеу, шпалдарды алмастыру, бағыт пен еңіс түзету секілді жұмыстарды технологиялық регламентке сай орындауда.

Жол жөндеу процесінде ауыр жол машиналары: ПЛ, УК, ЭЛБ, ВПО ДГС, ПБМ, ЩОМ типіндегі агрегаттар, түрлі типтегі тракторлар, сондай-ақ механикаландырылған жол слесарларының бригадалары жұмылдырылған. Дистанция басшылығының айтуынша, барлық жұмыс бекітілген кесте мен қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес жүргізілуде.

– Жазғы маусым – жолды күтіп-ұстау мен сауықтыруда шешуші кезең. Апта басында Екпінді – Төменарық теліміндегі 2967 км 7-пикетінен бастап 2975 шақырымның 9-пикетіне дейінгі 8,19 шақырымдық аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін дистанцияның Қаракеткен – Қараиірім теліміндегі 5,59 шақырымдық жол күрделі жөндеуден өткізілді. Әрбір жөнделген шақырым – теміржол көлігі қозғалысының сенімділігі мен жолаушы және жүк тасымалының қауіпсіздігіне қосылған үлес. Біз үшін сапа мен қауіпсіздік – басты талап, – дейді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов.

Жаздың әр күнін тиімді пайдалануға тырысқан қызылордалық жолшылар мердігер компания жұмысынан бөлек жөндеу түрлерін өз күштерімен атқарып, қоса қабат қимылдауда.    

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті