Алматының теміржол вокзалдары ҚТЖ басқаруына берілді

Инфрақұрылым
11.08.2025, 11:42
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының балансына қайтарылды.  

Еске салсақ, 2019 жылы Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары қаланың коммуналдық меншігіне өткен еді. 2023 жылы стартегиялық обьект болып табылатын оңтүстік астанадағы теміржол вокзалдары қайтадан «ҚТЖ» ұлттық компаниясына қайтарылатыны мәлім болған. Биыл Көлік министрлігі вокзалдарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша процедуралар жүріп жатқанын хабарлады. 2025 жылдың 16 шілдесінен бастап Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары сенімгерлік басқаруға қабылданды.  

Ұлттық компания екі нысанды да жаңғыртуды жоспарлап отыр. Алматы-1 теміржол вокзалының ғимараты жөндеуден өтеді. Өз кезегінде, тарихи және мәдени ескерткіш саналатын Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты ҚР тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес реставрациялануға жатады. Аталған жұмыстар жоспарға енгізілген және барлық нормативтік талапты сақтай отырып жүзеге асырылады.  

Компанияның мәліметінше, бұл жобалар объектілердің пайдалану мерзімін ұзартуға, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйі мен функционалдық мақсатын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған. Бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізудің мерзімі әлі нақтыланбаған. Жұмыстардың түпкілікті көлемі мен құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен әзірленген ғылыми, жобалау-сметалық құжаттамаға орай мемлекеттік сараптама нәтижелері бойынша айқындалады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті