Вокзалдар қалай жаңғыртылуда?

Инфрақұрылым
23.09.2025, 08:23
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазір елімізде 301 вокзал болса, соның ішінде жаңадан салынған 20-25 вокзал жөндеуді қажет етпейді, ал қалғанына күрделі жөндеу жұмыстары керек. Жарамсыз болып қалған бірқатары сүріліп, орнына жаңасын салу қажет. Бұл жұмыстарды 2 жылда атқару жоспарланған.

«Магистраль» сарапшылар форумы алаңында «Вокзалдар – елдің айнасы: жолаушылар үшін олардың келбеті қалай өзгереді?» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шара барысында вокзалдарды жаңғырту ісі қалай жүзеге асып жатқаны талқыланды.  

– Бұл бүгінде өте өзекті тақырып. Вокзалдардың көбі өткен ғасырдың 50-жылдарында тұрғызылған. Сондықтан тозу деңгейі де жоғары. Оларға бұған дейін түрлі деңгейде жөндеу жұмыстары жүргізіліп келді. Дегенмен бүгінгідей ауқымды жаңғырту жұмыстары бұрын-соңды болмаған. Осы жылға дейін аталған вокзалдардың тоғызы жергілікті атқарушы биліктің құзырында болып келді. Оның үшеуі, яғни Шымкент, Екібастұз және Павлодар вокзалдары жөндеуден өткен. Олар әлі де сол әкімдіктерге қарайды. Қалған алтауы сенімгерлікпен ҚТЖ-ға өтті. Жаңғырту жұмыстары халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Қазіргі вокзалдардың көбі сол талаптарға сай келмейді, соның бәрі реттеледі, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығын пайдалану және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.  

Жаңғырту жұмыстары екі кезеңге бөлініп жүргізіледі, бірінші кезеңінде 125 вокзал, екінші кезеңінде 152 вокзал жөнделеді. Бірінші кезеңде вокзалдар туристік, тозу деңгейі, жолаушылар ағыны бойынша ерекшеліктеріне қарай жөнделеді.  

– Барлық вокзалдар жұмыс біткен соң мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сондықтан мердігер ұйымдарға қойылатын талап та жоғары. Жөндеу жұмыстарын жобалау вокзалдарды салудың бірыңғай стандарттарына қарай жасалады, әр өңірдің бірегейлігі де ескеріледі. Вокзалдардың ішінде мемлекеттік тарихи ескерткіштер қатарына кіретін ғимараттар да бар, оларға бөлек реставрациялау компаниялары қызмет көрсетеді, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Искалиев.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті