Астанада өткен форумда ұлттық жобалар сөз болды

Инфрақұрылым
26.09.2025, 10:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада өткен биылғы Kursiv Infrastructure Forum іс-шарасы «Ұлттық жобалар Қазақстанның экономикалық дамуына қалай ықпал етіп отыр?” деген тақырыпқа арналды. Соның ішінде «Экономикалық өсімнің инфрақұрылымы» атты сессияға бірнеше компания өкілдерімен бірге спикер ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиев те қатысты.

Маңызды форумда мемлекеттік органдар өкілдері, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, сарапшылар мен осы саладағы пікір көшбасшылары бас қосты. Сонымен қатар бизнес-қоғамдастықтан, реттеуші органдардан, салалық қауымдастықтардан, мердігер компаниялардан, даму институттарынан шамамен 300 адам оффлайн қатысты. Жиында көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ олардың ұлттық экономикадағы стратегиялық міндеттерді орындаудағы рөлі талқыланды.  

Пікірсайысқа қатысқан спикерлер «Инфрақұрылымдық жобалар ҚР экономикалық дамуын қалай қамтамасыз етіп отыр?», «Әлеуметтік инфрақұрылым адами капиталдың өсу мақсаттарына қаншалық сай келеді?», «Көлік-логистика кешеніндегі инвестициялар ел ішіндегі байланысты қалай арттырып, тауарлар мен қызметтерді экспорттау әлеуетін қалай кеңейтуде?» деген мәселелер бойынша ой-пікірін ортаға салды.  

ҚТЖ өкілі теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар туралы баяндады. Атап айтқанда, Қазақстанның халықаралық транзиттік дәліздің маңызды бөлігі ретіндегі деңгейін арттыра түсетін 4 жобаның қалай жүзеге асып жатқанын айтып берді.Соның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің, "Самұрық-Қазына" қорының, облыс әкімдіктерінің қолдауымен іске асырылып жатқан Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдар құрылысына тоқталды.  

-Бұл жоба Қазақстанды Қытаймен одан да берік сауда байланыстарымен нығайтады және елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті бес есеге артады деп күтілуде. Ұзындығы - 836 км. Құны 542,8 млрд теңге. Құрылыс барысында 32 станция дамытылуда. 260-тан астам теміржол нысаны, оның ішінде 92 көпір, 261 су өткізгіш құбыр, 28 автожол құбыры салынды, энергиямен қамтамасыз ету және байланыс жүйелері жаңғыртылды. Пойыздар қозғалысын басқарудың сенімді жүйесі енгізілді. Құрылыс кезінде мамандар қиын рельефке байланысты бірқатар қиындықтарды жеңді. Екінші жолды салуда кейбір учаскелерде тау жыныстарын қопсыту үшін бұрғылау және жару жұмыстары жүргізілді. Ірі құрылыс жобасы бірегей тәжірибе жинақтаған, техникалық қуаттылықты күшейткен, мамандардың біліктілігін арттырған, өндіріс көлемін ұлғайтқан отандық кәсіпорындардың дамуына қосымша серпін берді. Қазақстандық зауыттардан 113 мың тоннадан астам рельс және 1,6 миллионға жуық темірбетон шпалдар сатып алынды. Құрылыс кезеңінде 500-ден астам арнайы көлік техникасы, 1,5 мың құрылысшы және 7 мың орта және шағын бизнес өкілдері жұмылдырылды, - деді М. Исқалиев.  

Айта кетейік, жоба трансқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастырудың бастапқы буыны болып табылады және Қытай – Еуразиялық одақ бағыты бойынша экспортты ұлғайтуға және транзиттік тасымалды дамытуға айтарлықтай әсер етеді.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті