Жаңа жолдың тиімділігі неде?

Инфрақұрылым
14.10.2025, 09:47
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Достық-Мойынты» теміржол жобасының тиімділігі туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекциясы филиалының директоры Еркін Мейірбеков 24 кz телеарнасына берген сұхбатта айтып берді.

– Қазіргі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы сауданың жылдан жылға ұлғайып бара жатқанын көріп отырмыз. Осы аралықтағы тасымалды жүзеге асыру кезінде өтуі қиындау жерлердің бірі осы «Достық-Мойынты» телімі еді. Сол сауда процесін, транзиттік тасымалды жақсарту үшін аталған телімде екінші жол салынды. Бұрын осы аралықта тәулігіне 12 жұп жүк пойызы жүрген болса, қазір бұл көрсеткіш 60 жұп пойызға дейін артты. Жаңа жол арқылы жүк жылдам жетеді. 2030 жылға таман контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымды құрайды деп жоспарлап отырмыз. Одан бөлек Достық станциясын жаңғырту жұмыстары іске асырылды. Соның арқасында екі жақтан өтетін жүктердің кедендік ресімдеу жұмыстарының мерзімі қысқарды, – дейді спикер.  

Оның айтуынша, жобаны іске асыру барысында бірнеше цифрлық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Автоматты бұғаттау» жаңа жүйесі орнатылды. Станция жұмысын оңтайландыру кезінде цифрлық жүйелер қолданылып, соның нәтижесінде қазіргі таңда жүктер мейлінше аз уақытта өңдеп, жөнелтіледі.  

Жобаның мультипликативті әсері туралы да баяндаған Еркін Мейірбеков оны салу барысында қатарынан көптеген салалар дамығанын жеткізді. Атап айтқанда, металлургия, бетон зауыттары, басқа да қосымша салалар осы жобаға тартылып, өндірістері дамуы арқылы табысы көбейді. Жаңғырту жұмыстары Достық пен Мойынты станциялары арасындағы 32 бекеттің бәрінде жүзеге асырылды. Мұндай үлкен құрылыс темір жолда соңғы рет 2017 жылы Алматы мен Шу станциялары арасында екінші жол құрылысы жүрген кезде болған. «Достық-Мойынты» екінші жолын салу барысында құрылысшылардың үлкен пулы құрылған. Сол арқылы қазіргі таңда басқа да ірі теміржол жобалары іске асырылуда.  

Спикердің пайымдауынша, «Достық-Мойынты» жобасының мерзімінен бұрын жүзеге асырылуының басты себебі – оның маңыздылығын түсіне отырып құрылысқа ел болып атсалысуында. Нормативтік мерзімінен ерте біткен инфрақұрылымдық жоба сонымен қатар дұрыс жобалау мен алдын ала дайындықтың арқасында жылдам атқарылды.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті