Қызылжар жобасынан не күтеміз?

Инфрақұрылым
24.10.2025, 10:04
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен айда 836 км құрайтын, құрылысы үш жылға созылған Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі іске қосылды. Бүгінде Мойынты мен Қызылжар арасында теміржол құрылысы басталды.

Одан әрі Ақтау портына дейінгі жолдар түгел жаңғыртылады. Бұл – Қазақстанның көлік транзитіндегі рөлі мен салмағын айқындап отырған Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады.  

Сонымен Достық – Мойынты темір жолының жалғасы Қызылжар жобасынан не күтеміз? Бүгінде жоба құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мойынты – Қызылжар бағытында рельс табанына қажет 14 млн текше метр топырақтың 85 пайызы төселді. Мамандар жобаны мерзімінен бұрын аяқтауды көздеп отыр.  

Мойынты – Қызылжар темір жолының жалпы ұзындығы 323 км. Оның 175 шақырымы Ұлытау облысы аумағынан өтеді. Қазірдің өзінде жер жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, бір айдың көлемінде теміржол рельстерін төсей бастайды. Қазір қажетті шпал мен рельстер арнайы базада дайындалып жатыр. Теміржол құрылысы екі бағыттан қатар басталып, жоба аясында Қызылжар мен Мойынты станциялары кеңейтіліп, жаңғыртудан өтеді. Одан бөлек Қаражал қаласы мен Ақтау ауылында жаңадан станция салынады деп күтілуде.

Сарапшылардың пайымдауынша, жаңа жол жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, тауарларды жеткізу мерзімін бірнеше есе қысқартады. Қазір Қытай Еуропаға бірнеше жолмен тауар жеткізіп отыр. Олардың барлығы алыс және қауіп-қатерсіз емес. Ал құрлық жолы екі тарап үшін де тиімді болып отыр. Қытай тауары қазақ жерімен Каспийден өтіп, әрі қарай Кавказ елдері арқылы Қара теңізге шығып кете алады.  

Мамандардың айтуынша, теміржол желісі транзиттік тасымалды жеңілдетіп қана қоймай, өңірлік экономикаға да тың серпін береді. Өндірісті өңірдің өнімін нарыққа шығаруға мүмкіндік кеңейеді. Қазақстанның транзиттік әлеуетін көбейтеді. Қазақстанның темір жолы арқылы енді жүк тасымалы бірнеше миллион тоннаға артады. Жұмыс қыста да тоқтамай жүре беретін болады. Жоба келесі жылдың аяғында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті