Инфрақұрылым және тариф саясаты

Инфрақұрылым
31.10.2025, 09:30
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған магистральдық теміржол желілері мен кіреберіс жолдар бойынша реттелетін қызметтерге тариф сметасы мен тарифін бекіту туралы өтінімді қарау жөнінде қоғамдық тыңдау өтті.

Жиынға ҚТЖ және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің өкілдері, тұтынушылар және басқа құзырлы тұлғалар қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тариф саясаты департаментінің директоры Диас Түсіпбеков аталған өтінім аясында қарастырылатын қызмет түрлері туралы мәлімдеді. Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымының техникалық сипаттамасына және 2021- 2025 жылдары атқарылған жұмыстар нәтижесіне тоқталды.  

– Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында компания 2023-2029 жылдарға арналған теміржол желісі нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол бағдарлама ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебімен өткізу қабілетін арттыруға, желідегі «тар орындарды» жоюға, жұмысшылардың еңбегін қорғау және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деген Д.Түсіпбеков жаңадан салынған және қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан темір жолдар туралы ақпарат берді.  

2021-2025 жылдары ҚТЖ-да 4365 км жол жөнделіп, 6 көпірге күрделі жөндеу жүргізілген, 3189 бағыттама бұрмасының жиынтығы ауыстырылған. Ірілі-ұсақты 5 мыңға жуық техникалар алынған. 4 стан цияда өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар аяқталған. 18 станцияда 30 жол қалпына келтірілген. Спикердің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жүк айналымының 72 пайызы өзіндік құннан төмен бағаға тасымалданады. Жалпы Қазақстанда теміржол тасымалының тарифі ең төмен. Ол сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар жобасы туралы да баяндады.  

Ал ҚТЖ Магистральдық желі дирекциясы экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов кіреберіс жолдар тарифі туралы ақпараттар берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда жылжымалы құрам үшін кіреберіс жолдар қызметін ұсыну тарифі биыл 211,74 теңге вагон-км-ді құрайды. Ал кіреберіс жолдарда маневрлік жұмыстар, түсіріп, тиеу, басқа да тасымал процестері операцияларына тариф 70,67 теңге/вагон-сағатты құрайды.  

– Компания филиалдарының балансында 53 станцияда 166 кіреберіс жол бар. 2026-2030 жылдары инвестициялық бағдарламалар жобасы аясында осы жолдардың ішінде 4,713 км жолға күшейтілген орташа жөндеу жүргізіледі. Компания жұмыс тиімділігін арттыру және кіреберіс жолдардың тозу деңгейін азайтуға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Қаржы сондай-ақ қолданыстағы кіреберіс жолдардың техникалық жағдайын қамтамасыз ететін ағымдағы пайдалану шығындарына да бағытталады. Сонымен қатар тұтынушыларға сапалы әрі дер кезінде қызмет көрсету жұмыстары жалғасын табады. Осылайша ұсынылатын іс-шаралар арқылы ұзақмерзімді перспективада кіреберіс жолдар жұмысының тұрақтылығы, қауіпсіздігі, сенімділігі қамтамасыз етіледі, – деді Е.Қизатов.  

Жиынға онлайн қатысқан жеке жүк жөнелтуші компаниялардың өкілдері тақырып аясында өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті