Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды

Инфрақұрылым
19.05.2026, 08:42
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек темір жолында бекеттер мен станциялар жолдарын жаңғырту қарқын алған. Мәселен, Бейнеу – Маңғыстау учаскесінің сегіз бекеті осындай жаңғыртудан өтпек.

Нәтижесінде пойыздарды өткізу қабілеті артып, бұл көрсеткіш 12-ден 17 жұп пойызға дейін ұлғая түспек. 

Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында өткен жылы қолға алынып, құрылыс жұмыстары басталған еді. Қазір Бейнеуде «Б» паркін, №2,4,6,10,12,13,15 бекет станцияларында қабылдау-жөнелту жолдарын салу және қолданыстағы жолдарды ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тарқатып айтсақ, 1050 метрден кем болмаған қабылдау-жөнелту жолдары, Бейнеу «Б» паркінде жеті жол, №2, 6, 10, 12 бекеттерде бір жолдан салынған. Қолданыстағы жолдарды ұзарту жұмыстары №2,4,6,10,12,13,15 бекеттерінің теміржол нысандары бойынша жүргізілген. 

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы Болат Абатаевтың айтуынша, бүгінде түбек теміржолындағы станция жолдарының ұзындығы өтіп жатқан вагондар санына толық жеткілікті. Дегенмен жоғарыда аталған жоба бойынша алдағы уақыттағы жүк тасымалы мүмкіндіктерінің артуына байланысты жолдар жаңғыртуды қажет етеді. 

– Қазір біздегі станция жолдарының ұзындығы 57-58 шартты бірлік және ол вагондар санын еркін сыйдыра алады. Бұл жобаның жалпы мақсаты контейнерлік ұзартылған жүк пойыздарын кедергісіз өткізу болғандықтан болашақтағы жүк тасымалының артуын, контейнерлік пойыздардың көбеюін ескеріп, станция жолдарының барлығын ұзартуды жоспарлап отырмыз. Қосымша жолдарды салып, сыйымдылығын 71 шартты бірлікке дейін жеткіземіз. Осы жұмыстар «Теміржол жөндеу» ПМС жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен жасалып жатыр. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына жүзден астам адам, бірнеше мамандандырылған техника тартылған. Оның ішінде төрт автокран, бір жол төсейтін кран, сегіз жол төсемін жасайтын техника мен 14 автокөлік бар, – дейді Болат Абатаев. 

Сондай ақ ол Бейнеу – Шалқар аралығында жартылай автоблоктау жабдығын толық автоблоктау жабдығына ауыстыру үшін 268 км траншея қазылып, кабель төсеу жұмыстары да жүргізіліп жатқанын айтады.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды