Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады

Инфрақұрылым
22.05.2026, 09:01
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржол вокзалы жолаушыларға барынша қолайлы әрі технологиялық нысанға айналмақ. Онда Face ID жүйесі, эскалатор, панорамалық лифт, душ кабиналары мен коворкинг орталығы болады.

Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жолаушылар қолайлы заманауи инфрақұрылым игілігін биылдан бастап көре алады. Нысанның қасбеті, инженерлік желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта зал мен әкімшілік бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.  

Жоба бойынша басты залға жаңа эскалаторлар орнату және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған панорамалық лифт қойылады. Сондай-ақ касса аймақтары толық жаңартылып, заманауи коворкинг орталығы мен балалар ойын алаңы ашылатыны айтылды. Күту залы да жаңаша форматта жабдықталып, жолаушылар үшін барынша жайлы жағдай жасалмақ.

Сонымен қатар вокзалда санитарлық жағдайды жақсартуға да ерекше көңіл бөлінген. Реконструкция барысында қоғамдық дәретханадағы желдету және кондиционерлеу жүйесі толық ауыстырылды. Санитарлық тораптар жөнделді. Ерлер мен әйелдер бөлімдеріне жаңа душ кабиналары да орнатылды. Бұл – аяқталған жұмыстар.  

Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Алдағы уақытта вокзалға заманауи тексеру жабдықтары мен бет-әлпетті тану функциясы бар бейнекамералар қойылып, бақылау жүйесі толық жаңартылады.  

Сонымен қатар жоба аясында перрон қайта жөнделіп, асфальт-бетон жабыны ауыстырылатыны сөз болды. Аумағы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды