Электр құрылғыларының күтімі жақсы

Инфрақұрылым
06.12.2019, 12:51
Оқуға 4 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының Шиелі станциясындағы аудандық электр жүйесі мекемесі бөлімшенің оңтүстігінде орналасқан. Ол Түркістан мен Майлытоғай станциялары арасындағы екі жүзден астам шақырымдық телім бойындағы теміржол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтиды.

Шиелі ауданаралық электр жүйесі ұжымы жыл басынан бергі он айда және қазан айында телімдердегі КТСМ-02, СОБ және АЛСН құрылғыларын қуат көзімен қамтамасыз ету және электр бағаналары ВЛ-10 кВ, РП, ТП, ВЛ-0,4кВ, КТП, ЦРП, РПК, РПП 10кВ секілді құрылғыларға ағымдық, техникалық күтім шараларын жүргізу және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын кінәратсыз, ақаусыз аяқтаған. Бекеттегі аудандық электриктердің атқарған жұмысы жайлы мәлімет ұсынған ұжым басшысы Алмат Үмбетов дистанция басшылығы бекіткен шаралардың дер кезінде орындалуда екенін жеткізді. Бөлімшенің оңтүстігіндегі теміржол нысандарын электр қуатымен жабдықтаушылардың жұмысын тарқатып айтар болсақ, онда олардың барлық тапсырмаларды кәсіби деңгейде атқарғанын байқауға болады. Ұжым электриктері осы уақыт ішінде белгіленген АЭЖ бойынша жоспарлауескерту жұмыстарын орындау барысында СОБ құрылғысының ВЛ-10кВ желісінің 203,79 шақырымына қазан айында, 3248,07 шақырымына он айда техникалық күтім жасаған. Электр бағанасының 1328 данасын бақылаудан өткізу тапсырылса, бүгінде оның 1126 данасы тексерілген. Жоғары кернеулі желілерге, автобұғаттаудың әуе өтпелеріне техникалық күтім жасау ауқымын анықтау үшін инженерлі-техникалық жұмыс тобымен (ИТР) бірге СОБ құрылғысы ток көздерінің ВЛ-10кВ желісінен қазан айында 100,8 шақырымын, он айда 876,69 километрі тексеріліп, бақылаудан өткізілген. Қазан айында 82 бағана түзетіліп, бандаждары тартылса, он айда осы жұмыс 135 бағана басында орындалған. 106 ағаш бағананың салмақ және сыртқы әсерден өзгеріске ұшырап иілуі тексерілген.

– Шиелі АЭЖ бойынша жоспарлау-ескерту шараларының, электр құрылғыларына техникалық күтімін жасау жұмыстарының орындалуы бекітілген жоспар бойынша атқарылып келеді. Күнделікті жұмыс топтары телім бойын тексеріп, бақылауда ұстауда. Құрылғыларға техникалық күтім жұмысымен қатар ағымдық баптау, ВЛ-10кВ, РП, ТП, КТП желілері мен құрылғыларына жөндеу жұмыстары жасалды. Мәселен, қазан айында Жоғары кернеулі ВЛ-10кВ желісінің 10 км мен 6 бағанасы тексерілсе, он айда 120,53 шақырымы мен 108 бағана бақылаудан өтті. Электр желілері трассасының қазан айында 100 шаршы метрі, 36 бағананың айналасы өскіннен тазартылды. 132 бағананың нөмірі мен қауіпсіздік белгісі жаңартылды, – дейді Шиелі АЭЖ басшысы Алмат Үмбетов. Телімдердегі электр құрылғыларын техникалық тексеріс барысында жоғары ВЛ-04кВ электр бағаналары желісінің 8,3 км қазанда, 53,78 шақырымы он айда тексерілген. Қазан айында ВЛ-04кВ желісінің 12 дана бағанасына, он айда 115 дана тіреуіші ревизиядан өткен. Осы желінің қазан айында 5-еуі, он айда 24 дана бағанасы түзетілсе, 27 бағананың бандажы тартылған.

ТҰТЫНУШЫҒА ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ІРКІЛІССІЗ, ҚАЖЕТТІ НОРМАДА ЖЕТКІЗІЛУІ ҮШІН ҰЖЫМДА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСЫМША АҒЫМДЫҚ КҮТІМ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫН САПАЛЫ АТҚАРУ – ҰЖЫМДАҒЫ ҚАЛЫПТАСҚАН БАЙЫРҒЫ ДӘСТҮР


Шиелі станциясында орналасқан электрмен жабдықтаушылардың мемлекет мүлкін өз затындай күтіп ұстап, оларға уақытылы техникалық күтім жасап, ағымдық жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетіндері байқалады. Және де тұтынушыға электр қуатының іркіліссіз, қажетті нормада жеткізілуі үшін ұжымда құрылғыларға қосымша ағымдық күтім жасау шараларын сапалы атқару – ұжымдағы қалыптасқан байырғы дәстүр. Жалпы алғанда, ұжымның әрбір мүшесі өзінің кәсіби міндетін кемшіліксіз атқаруға дағдыланған. Осындай талапқа мойынсұнған шиеліліктер мекемеге берілетін тапсырмалардың дер уақытында және сапалы орындалуы үшін еңбек етіп келеді. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының Шиелі АЭЖ ұжымы темірбетонды және ағаш электр бағаналарының, құрылғылардың техникалық жағдайын тексеріп, байқау, теміржол өткелдеріндегі жарықтандыру шамдарына күтім жасау шаралары тәулікпен санаспай жүргізіледі. Сонымен қатар желі изоляторларын жаңарту, электр желілерін ауыстыру, тартып байлау, траверс ауыстыру және электр қуатының таратылуына кедергі келтіретін аумақтағы ағаш бұтақтарын кесу, бағаналардың түбін от шалмас үшін отап тазарту секілді жұмыстар жыл бойы атқарылады.

– Ұжымдағы ағымдық, техникалық, жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне тәжірибелі теміржолшылардың үлесі мол. Олардың атқарған жұмысын бақылағанда барлық істің талап деңгейінде орындалғанына көз жеткізуге болады. Біздің ұжымдағы осындай өз ісінің шеберлері – атын атап, жеке құрмет көретуге лайық тұлғалар. Олар – аға электромеханик Бейбіт Каменов, электромеханиктер Мақсұт Садуақасов, Қуандық Сағындықов, Алмас Қылышбаев, Бесарық қосынынан электромеханик Жәнібек Биқожаев, Жаңақорған қосынынан электромеханик Ұлықбек Өтегенов, – дейді ұжым басшысы Алмат Үмбетов.

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті