Жергілікті локализация: отандық өнімдерді қолдауға жасалған қадам

Инфрақұрылым
31.01.2020, 10:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ел аумағында темір жол өнімдерін локализациялау және өндіру деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жылжымалы құрамдарды құрайтын бөлшектерді компания толықтай отандық өндірушілерден алса, арзанға түседі. Импорт алмастыру есебінен теміржол қызметтерінің бағасы да көтерілмейді. Сондай-ақ қазақстандық машинажасаушы кәсіпорындар қызметі дамиды. Жалпы алғанда өз ішінде айналымға түсу арқылы ел экономикасы да өседі. Осы мақсатпен ұлттық компания биыл 28-29 қаңтарда 30-ға жуық қазақстандық тауар өндіруші ірі кәсіпорындар басшыларын жинап, екі күндік кеңейтілген кеңес ұйымдастырды. Ауқымды шара ұлттық компанияның бас ғимаратында және электровоз құрастыру зауытында өтті.

Атап айтқанда, бұл отандық өндірушілер – тартымдық кіші станциялар үшін жоғары вольтты құрал-жабдықтар, локомотивтер үшін бандаждар мен тұтас құйма дөңгелектер, резервуарлар мен құйма бұйымдар, аккумуляторлық батареялар, композиттік материалдардан өнімдер, радиобайланыс пен қауіпсіздік, теміржол автоматикасы жүйелері бойынша жабдықтар жасайтын кәсіпорындар.

– Елбасының импорталмастыруды дамыту тапсырмасымен теміржолдың машина жасау саласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде қазір 30 пайызға дейін локализация жасалады. Бүгінгі таңда ЭҚЗ-ның өзінде локомотив қаңқасын жасау үшін алатын темір бөлшектерді біздің үш қаладан – Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларының орта және шағын кәсіпкерлері жасауда. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге оларды шақырып, әрі қарай арадағы әріптестікті жалғастыру, ҚР Индустриялық бағдарламасын ұзарту бойынша олардың қандай өнімдерін алуымыз керек, халықаралық стандартқа сай қай өнімдерді өткізетінімізді анықтау, оларды арттыру мақсатында осы шараны өткізіп отырмыз, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жиында.

Компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, бұл кеңейтілген кеңес отандық тауар өндірушілермен арадағы өзара ісқимылды жақсарту мақсатында өткізіліп отыр.

– Олардың машина құрастыру саласындағы өнімдеріне ең алдымен теміржолда, біздің ұлттық компанияда сұраныс жоғары. Әсіресе электровоз, тепловоз құрастыру, вагон жасаушылар үшін олар аса қажет. Отандық өндірушілер өнімі солардың талаптарына сай келуі керек, халықаралық деңгейде сертификаттары болуы қажет. Себебі Alstom, GE сияқты компанияларға тек қазақстандық сертификат жарамайды. Кешегі өткен семинар отырысына осы аталған екі компания өкілдері де қатысып, отандық тауар өндіруші кәсіпорындармен жүзбе-жүз сөйлесе отырып, өз сұраныстарын, талаптарын жеткізді.

Қазіргі таңдағы локализа ция деңгейіне қанағаттанбаймыз. Себебі импортпен келетін өнімдер валюталық бағамда сатып алынатын болатындықтан бізге қымбатқа түседі. Бұл бізге тиімсіз. Біз үшін біздің локомотивтердің Қазақстанда шығарылуы аздық етеді, оларды құрастыратын бөлшектері де шетелден емес, жергілікті өз кәсіпорындарымыздан алынса, бәрімізге де тиімді болар еді, мәселен, импорталмастыру жайына келсек, қазіргі таңда Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты локомотив резервуарларына сыйымдылықтарды ЛҚЗ үшін шығарып жатыр, екі жыл болды.

Енді соны ЭҚЗ-ға да шығаруға ықпал етпекпіз, кешеден бері сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр, ПЗТМ сол бағытта келісімге қол қойды, – деді ол.

Темір жол өнімдері өндірісін локализациялау деңгейін арттыру мәселелері бойынша жасалған жұмыстар нәтижесін ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев айтып берді.

– «Қазақстан темір жолы» компаниясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен көптен бері осы бағытта жұмыстар жүргізіп келеді. Соған орай ұйымдастырылған екі күндік шараға мемлекеттік органдар, машина құрастыру одағы, мүдделі құрылымдық бөлімшелер және еншілес ұйымдар мен жеке кәсіпорындарды қосқанда 40-тан астам компания өкілдері қатысты. Күткен нәтижелерге қол жеткіздік. Кездесулерден соң темір жол өнімдері локализациясының деңгейі мен сапасын арттыру бойынша практикалық шаралар әзірленді, – деді ол.

Жиында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша техникалық реттеу шаралары туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев мәлімдеді. Ал импорталмастыру бағдарламасы туралы тоқталған «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Қуат Қожахметов аталған бағдарлама төрт бағытта жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Осы тақырыпты «Атамекен» ҰКП өнеркәсіптік өндіріс департаментінің директоры Арман Мамбетбаев әрі қарай дамытты. «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Өмірсерік Ержанов 2019-2024 жылдарға арналған машина құрастыруды дамыту бойынша Жол картасы аясында теміржолдағы машинақұрастыру саласын дамыту жайына тоқталды.

«ЭҚЗ» ЖШС-нің KZ8/KZ4 электровоздары компоненттерін локализациялау бойынша жоспары мен прогресі туралы аталған кәсіпорынның сату-сатып алу жөніндегі директоры Дмитрий Шибаев мәлімдеді. Зауыттағы жиын барысында келген қонақтар мен БАҚ өкілдері алып кәсіпорынның цехтарын аралап, оның жұмысымен толықтай танысуға мүмкіндік алды.

Тағы басқа жаңалықтар: КЕЛЕЛІ КЕҢЕС КЕЛІСІМДЕРГЕ ҰЛАСТЫ

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz