Қызылордада күрделі жөндеу жалғасуда

Инфрақұрылым
16.06.2020, 08:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін технологиялық талапқа сай жолдарды жаңалап отыру – теміржолдағы басты талаптардың бірі. Жол табанын жөндеу, жаңалау жұмыстары жыл сайын жазғы маусымда тұрақты жүргізіледі.

Күннің аптап ыстығына қарамастан Қызылорда ЖТ бөлімшесінде биылғы жылға жоспарланған жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары бөлімшенің 16-бекет Сұлутөбе станциясы-15-бекет аралығында жүргізілуде, ал мамыр айында Шиелі станциясы мен 20-бекет арасы теліміндегі тақ жолдың 2930-2940-шақырымдары күрделі жөндеу жұмыстары орындалған еді. Қазіргі таңда бұл телімде жүмыстар толық тәмамдалып талапқа сай учаскелік жылдамдық беріліп, жылжымалы құрамдар жүріп жатыр. Күрделі жөндеу кезегі 16-бекет-Сұлутөбе станциясы-15-бекет аралығындағы 8,8 км жолға жүргізілуде.

Жолға күрделі жөндеу жұмысына маманданған мердігер компания «Integra Construction KZ» серіктестігіБатыс дирекциясының атқарушы директоры Дәурен Сұлтамұратовтың басшылығымен таңалакеуімнен бүгінгі толаскезге дайындық басталды. Серіктестіктің Белкөл ПМС директоры Айдарбек Әбілдаев жеке құраммен әзірлік жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі толаскездің талапқа сай өткізілуін бақылауға Қызылорда жол дистанциясының диагностикалық бөлімі мен телім басшылары, инженерлер, дистанция жолшыларынан 10 шақты теміржолшы қатысуда.

– Дистанция бойынша биыл жасалуы жоспарланған 27 км жолды күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастаған «Integra Construction KZ» серіктестігінің ұжымы кестеге сай бекітілген уақытта толық атқарып шықты. Ендігі күрделі жөндеу осы 16-бекет пен Сұлутөбе станциясы аралығында жүргізілуде. Жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан серіктестік сенімді, жол жөндеу техникаларымен түгел қамтылған, – деді әріптестерінің жұмысын бақылап жүрген Қызылорда жол дистанциясы Диагностикалық бөлімінің басшысы Досжан Тәжімұратов.

Бүгінгі толаскез кезінде 1,2 км жолға отандық өнімнің жаңа рельсін төсеу межеленген. Жол төсемін тазартып әзірлеуге кіріскен ауыр тракторлардың, тегістегіш грейдерлердің ізін ала екі топқа бөлінген жұмысшылардың бір тобы ескі жолды жинастыру жұмысын жасаушы УК-25/18 краны маңына, екінші тобы жол төсемі әзірленген тұстан жаңа рельс тізбектерін салуға арналған екінші УК-25/18 жанына шоғырланып, жұмысқа кірісті.

Алдымен SD22 және Ч2К маркалы бірнеше ауыр тракторлармен 30-40 сантиметр шамасында жолды сүріп, бірнеше грейдер оны тазалап тегістегеннен кейін жолды УК-25/18 кранының көмегімен төсеу жұмыстары басталды.

Әр теміржолшы өзінің атқаратын жұмысымен ғана айналысып, басы артық қимыл жасамайды, біріне екіншісі кедергі келтірмейді.

Бірі қолына бақанға ұқсас ұзын ағаш-шаблонымен салынатын плетті жоғарыдан кранмен түсіріліп келе жатқанда қыстырып алып, жол жиегіне қағылған қазықпен аралықты өлшемге алып жолдың түзу төселінуін қадағаласа, екіншісі төселген жолмен салынатын плеттің арақашықтығын шаблонымен қыстырып тұрып өлшеп салу секілді жұмыстарды атқаруда.    

Күрделі жөндеу кезінде салынған жаңа жолға қажетті қиыршық тас төсемін төсейтін Хопер-дозатор техникасы, ауыр жол машиналарынан ВПО, ЛБ және МРД арнайы техникалары – теміржолшылардың ең сенімді серігі екен.

Сонымен қатар ескі рельстерді жинастырып жаңасын төсеуге қажетті УК-25/18 крандары, жол төсемін сүріп қайта жаюға жұмылдырылатын бірнеше SD22 және Ч2К маркалы ауыр тракторлар мен өзге де қосалқы техникалар қызметі мүлтіксіз болды. Жалпы, бүгінгі толаскезге 10-нан аса ауыр жол машинасы, 15 техника жұмылдырылып, 100 шақты теміржолшы жұмыс жасауда деп мәлімет берді «Integra Construction KZ» серіктестігі-Батыс дирекциясының атқарушы директоры Дәурен Сұлтамұратов.

Толаскезден кейін жол ашылып, алғашқы жылдамдық 25км/сағатқа, сосын онан 60 кмсағатқа көтеру белгіленеді. Осы аралықта жол төсемі технологиялық талапқа сай бақылауда болады. Мамандардың пікіріне қарағанда осы күрделі жөндеуден кейін телімде жылдамдықты бірнеше есеге арттыру жоспарда бар.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?