Мемлекет басшысының қатысуымен «Ферротранстрейд» зауыты іске қосылды

Жаңалықтар
09.11.2021, 09:37
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына жұмыс сапары барысында теміржол кластеріне кіретін «Проммашкомплект» ЖШС жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыттың өндіріс барысы көрсетіліп, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шаралары, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті мен одан әрі жаңғырту жоспары туралы мағлұмат берілді. 2012 жылы салынған зауыт 700-ден 1250 мм-ге дейінгі әртүрлі диаметрлі және дискілі конструкциядағы теміржол дөңгелектерін шығарады. Зауыт жылына 300 мың дана өнім шығаратын қуатына енді. Бүгінде компанияда 750-ге жуық адам еңбек көрігін қыздыруда. Бұдан кейін Президент серпінді клеммалар мен бұрандалар шығаратын «Ферротранстрейд» зауытының іске қосылуына куә болды.

– Бүгінде Екібастұз еліміздің теміржол машина жасау орталығына айналды. Қала кәсіпорындары өнеркәсіп өнімінің 73 пайызын құрайды. Олар жыл сайын теміржол саласына қажетті 85 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Оның 70 пайызы экспортталады. Бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ «Ферротранстрейд» зауыты іске қосылды. Зауыт халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін құрамдас бөлшектер шығарады. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды сырттан алмайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерінен жасалған көрмені аралап, зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. 160 адам жұмыс істейтін зауыт жылына 3 миллион рельс бекітпесі мен 4,5 миллион дана полимерлі төсем шығарады. Президентке теміржол саласындағы өнеркәсіптің жетістіктері мен перспективалары туралы ақпарат ұсынылып, бейнеролик көрсетілді.Бұл кәсіпорындардың теміржол саласындағы еліміздің шикізаттық емес экспортының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берері анық.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды