Сапа – қауіпсіздік кепілі
Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының СОБ релесі және релелік блоктарын жөндеу цехында электромеханик-қабылдаушы болып жұмыс істейтін Гүлдену Сағындықованың еңбек өтілі отыз жылға жуықтапты.
Мамандығы өзіне ұнайды. Релелерді мұқият тексеріп, оның жарамдылығына кепілдік беріп отырады. Әрине, көзмайын таусып, майдан қыл суырғандай күнұзақ шұқшиып отыру оңай емес, бірақ үйренген кәсібі болған соң белгілі бір дәрежеде дағды қалыптасатыны белгілі. Сондықтан жұмысына үйренгені сонша, қолдары тиісті түймелерді өзі басып, өзі тауып жатқанын байқамай да қалады.
Бұл қызметке келгенде небәрі 20 жастағы бойжеткен еді.
– Гурьев теміржол техникумын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген соң осында келіп, әуелі монтер, одан соң механик болдым. Қазір электромеханик-қабылдаушымын. Яғни 1990 жылдан бері табан аудармастан еңбек етіп келемін, – дейді Гүлдену Сағындықова.
Маманның айтуынша, релелердің түр-түрі бар. 1 жыл, 3 жыл, 10 жылдан ауысуы тиіс релелер болады. Соның бәрін арнайы бекітілген кесте бойынша уақытылы ауысуын қадағалап отыру қажет. Релелердің ішінде де кездейсоқ күйіп кететіндері кездеседі. Сондайда, дәнекерлегішті қолға алып, ер адамдарша жұмысқа кіріседі. Кейде релелердің ескі, көне түрлерін аша алмаған жағдайда қолға балға ұстаған кездері де болды.
–Ертеректе, біз келгенде бұл жұмысты тек ер адамдар атқаратын. Бағамдап қарасақ, механик деген мамандық біздің ұғымымызда тек жігіттердің еншісіндегі кәсіп сықылды. Алғаш жұмыс жасай бастағанда «механигі несі?..» деп менің де таныстарым таң қалатын, бүгінде керісінше, кілең қыз-келіншектер, ер азаматтардан мүлде тартып алдық, – деп күледі кейіпкеріміз.
Қазіргі таңда электромеханиктер соңғы үлгідегі РЭЛ релелерімен жұмыс жасауда. Бұл құрылғылар қолға ұстауға да, тексеріп қарауға да ыңғайлы әрі жеңіл. Дегенмен, олар далалық жерде кем дегенде 1 жыл жұмысқа «жегіледі». Оның ішіне шаң-тозаң кірмеуі керек, әйтпесе тоқ өтпей қалады деп түсіндірді Гүлдену апай. Ал, егер релелер белгіленген мерзімге шыдас бермей, бұзылып, қирап жатса немесе бір жері күйіп кетсе қол қойып, тексерген адам кінәлі деп танылады.
– Сол үшін релені күніне қырық қарап, қадағалап отырамыз. Кейде дұрыс жапқанымызға көз жеткізіп, сенімді болу үшін қайта ашып қарайтын кездеріміз болады. Өткені, тек сапалы жұмысымызбен ғана қауіпсіздікті қамтамасыз ететінімізді жақсы түсінеміз. Бір разъездге 60-70 релені қосып бірге жібереміз. 1 күнде 20, кейде 27 релеге дейін, көлемі үлкен болса 12-13 релеге дейін жабамыз, – дейді Гүлдену Сағындықова.
Оның жұмыс орнында, өзі күнделікті қолданатын СОБ релелерін сынауға арналған үлкен стенд тұр. Бұл стендтің атқаратын қызметі көп. Мысалы, бұл арқылы реле мен орамдар кедергісі, реленің босатылуы және іске қосылуы, полярланған якорьды лақтыру кернеуі өлшенеді, түйіспелердің өтпе кедергісі, реленің электрлік параметрлері, якорьды босатуға кеткен баяулау уақыты тексеріледі.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті