Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды

Қауіпсіздік
22.11.2024, 09:16
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл өңірінің қысы жайлы. Қар қалың түспеген соң, қыстың күні де төрт түлік малдың қолға қарап қалатын кезі сирек. Күн жылынса, өріске жібереді.

Содан да болар, бұл аймақта тек жер қара, күн жылыда емес, қыста да теміржол бойында мал басу деректері кездеседі. Мысалы, Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында ақпан айында арасына екі күн салып осындай екі жағдай орын алыпты. Біріншісінде Жұма –Тамды бағытының 70 шақырымында сағатына 45 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз машинисі жолға шыққан малға байланысты түн ішінде шұғыл тоқтатуға мәжбүр болады.  

Ал 27 ақпанда Аса – Жұма бағытының 45 шақырымында сағатына 40 шақырым жылдамдықпен келе жатқан №3488 пойызының машинисі де жолдағы қара малды баспаймын деп тепловозды шұғыл тоқтатады. Өкінішке орай, көп жағдайда пойызды шұғыл тоқтатқанымен, шығыннан қашып құтылу мүмкін болмай жатады. Себебі пойыз дереу тоқтата салатын жеңіл автокөлік емес. Жүк тиеген немесе жолаушылар пойызын кенеттен тоқтату үшін арада 800-1600 метрдей арақашықтық болуы керек. Тежегішті тартқанмен, вагондар инерциямен бірнеше жүздеген метр алға жылжи береді... Темір жолдың қауіпті аймақ саналатыны да сондықтан.  

ПЧ-51 Жамбыл дистанциясының қызметкерлері орын алған осындай жағдайларды алға тартып, Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшынбетовке арнайы хат жолдаған. Қауіп-қатердің алдын алу бағытында бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Жуырда Аса станциясының қызметкерлері теміржол маңында тұратын тұрғындарды жинап, мектепке барып теміржолдан өтер кезде есте сақтайтын ережелерді түсіндіріп, жадынама таратты. Кей кездерде тұрғындардың шойын жолдың үстіне бөгде заттарды қалдырып кетуі пойызды шұғыл тоқтатуға себеп болып, құдай бетін аулақ қылсын, апатты жағдайға соқтыруы мүмкін екенін түсіндірді.  

«Бүгінде адамдардың пойыз астына түсіп мерт болып немесе ауыр жарақат алып жатқан жағдайлар аз емес. Жеке қауіпсіздігін сақтамай, тыйым салынған жерлермен теміржолды кесіп өтудің салдары осындай жағдайға әкеліп соғады. Біз, теміржолшылар әскерилендірілген күзет қызметі мен желілік полиция өкілдерімен бірлесіп тұрақты түрде рейдке шығып тұрамыз. Темір жолдың маңында рельстен 5 метрден ары жүру, арнайы жолаушылар өтетін жолды пайдалану, жақындап қалған пойыздың алдын кесіп өтпеу, вагонның немесе автоматты қосқыштың астымен өтпеу, рельстің үстіне отырмау, темір жолға қатты зат тастамау, өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырмау керек дегенді айтудай-ақ айтамыз, өкінішке орай, ескертуді елең қылмайтындар көп», – дейді Жамбыл жол дистанциясы № 4 өндірістік бөлімінің бастығы Жанат Тұрғұмбаев.  

Жақында осы өндірістік бөлімнің жол шебері Нұрғали Қарғабаев пен техник Данияр Тұрғұмбаев жергілікті бақташылармен кездесіп, теміржол маңына мал жаю ережесін тағы да түсіндірді.  

 

Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады