Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қаламаңы тасымалында жетістік жоқ емес.  Өткен жылдың соңында №6834/6833 «Шар – Семей» және «Ақтоғай – Аягөз» бағытындағы №6824/6823 жаңа жолаушылар пойызы іске қосылып, облыстағы қалаішілік тасымал үш бағытқа көбейген болатын.  

Айта кетерлігі, аталған маршруттар жолаушылар үшін ыңғайлы кестемен аптасына 6 рет жүреді. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда ең қолжетімді көлік әрі жыл бойы ең төмен тариф белгіленген. Әсіресе қысқы қарлы боран, көктайғақ салдарынан болатын автожолдардағы қозғалыс шектеулері кезінде ерекше тиімді екенін толығымен дәлелдеді. Осыған дейін «аталған бағыттар өзін ақтамауы мүмкін, тек шығынға ғана жұмыс істейді» деген кереғар пікірлер де болған. Бағдарды жүргізу құқығын жеңіп алған «Жолаушы тасымалы» АҚ өз міндеттемесін сапалы орындады.  

Жалпы, өткен 10 айдың ішінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қаламаңы жолаушы тасымалын 30 мыңға жуық адам пайдаланған.  Облыстық басқарма жүргізген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, әсіресе, туристік маусым қарқын алған шақта, жазғы мезгілде Семей-Жалаңашкөл бағытына сұраныс жоғары болған.    

Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан субсидияланатын аталмыш бағыттағы жолаушылар пойызының вагондары жаңартылып, саны да артқан.

Ендігі жылы оған қосымша тағы екі бағыт – Семей – Ауыл және Семей – Дегелең бағыттары қосылуы мүмкін. Қазіргі таңда «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Семей ЖТ бөлімшесі басшылығымен бірлесіп, аталмыш бағыттарды іске қосудың мүмкіндіктерін зерттеуге әзірлік жасауда. Бұл бағыттағы шаралар алдағы жылы басталмақ. Егер жоба жергілікті тұрғындар арасында қолдау тапса, тиімділігі дәлелденсе, облыстық әкімдік тарапынан қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.  

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде