Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті

Қауіпсіздік
22.11.2024, 09:03
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент станциясында «Еңбек тәртібін нығайту – өндіріс жарақатын алдын алудың негізі» тақырыбында 2 айлық шара өтті. Мақсатты іс-шараның маңыздылығы сол – өндірістік жұмыс аумағында қандай да бір қауіп-қатерді байқаған кез келген теміржолшыға тұтас жұмыс процесін тоқтатуына толық құқық береді.

Шымкент станциясының еңбек қорғау бойынша жетекші инженері Ордабай Төлбасы келтірген деректерге сүйенсек, тамыз айының орта шенінде басталған қауіпсіздік айлығы қазан айының соңына дейін жалғасқан.  

– Егер теміржолшы адам өміріне қауіп төндіретін қандай да бір олқылықты байқаған болса, жұмыс процесі тұрмақ, қозғалыс үстіндегі жылжымалы құрамның өзін дереу тоқтатуға толық құқылы. Ұлттық компания басшылығы осындай ұйғарым шығарған. Бұл дегеніміз адам өмірі мен оның қауіпсіздігі басты құндылық екендігін көрсетеді, – дейді Төлбасы Сырданұлы.  

Бір қызығы, теміржолшылар арасында бұл шара кеңінен насихатталып, еркін қолданысқа енгенімен, өндірістік процесті кілт тоқтату оқиғасы тіркелмеген. Бірақ босаңсып кеткен кейбір қызметкерлерге шара қолданылыпты. Айталық, өзін тым еркін сезінген кейбір станция кезекшілері ұсақ-түйек болса да адам өмірі үшін маңызы жоғары кей ережелерді тіптен елемеген көрінеді. Ал енді ондай олқылықтар қалай анықталған дегенге келсек, Қауіпсіздік айлығы аясында белгілі болыпты. Станция аумағындағы үш нүктеге – дөңес кезекшісі мен маневрлік диспетчер және парк кезекшісі отыратын кабинеттерге дыбыс жазу құрылғысы мен бейнебақылау камерасы орнатылыпты. Бұл қандай да бір қауіпті жағдай орын алған сәтте парк кезекшісінің әрекетін бағалау мақсатында қажеттілік туындайды деген ниетпен қойылса керек. Одан бөлек қызмет сәтінде парк кезекшісінің әрбір амал-әрекетінің жауапкершілігін сезіндіруде таптырмас құрал екені сөзсіз. Яғни станция немесе парк кезекшісі, маневрлік диспетчер «кеңседе жалғыз өзіммін, менен басқа ешкім ештеңе көрмеді я естімеді» деп еркінсуіне ешқандай да негіз жоқ. Себебі үстел үстінде маманның аузынан шыққан әрбір сөзді жазып алатын таспа тұр, ал төбесінен «кірпік қақпай» төніп тұрған бақылау камерасы бар...  

Шымкент станциясында аптаның әр сәрсенбісі қауіпсіздік күні арнайы отырыс өтуі дағдыға айналған. Қауіпсіздік мәселесін қызу талқылаған сондай бір жиында бақылау камерасын ашып қарап, бірқатар олқылықтарға көз жеткізілген. Әрине олар тәртіптік жазаға тартылып, тиісті деңгейде шара қолданылған.  

Сонымен қатар станцияда сала жетекшілерінің ұйымдастыруымен арнайы дәрістер ұйымдастырылып тұрады. Айлық аясында бөлімшенің бас инженері Ілияс Нұржановтың басқаруымен станциядағы техникалық кабинет пен парк аумағында теориялық және практикалық сабақ өткізілген. Сонымен қатар станция бастығының да арнайы сабақтары бірнеше рет ұйымдастырылған. Станциядағы барлық қауіпсіздік белгілері жаңартылып, көзге түсер тұстарға қойылған белгілердің түнгі мезгілде де анық көрінуі үшін жарықтандырылған. Мұның бәрі өндірістік жұмыс орындарында жарақат алу көрсеткішін төмендетуді көздеген екі айлық аясындағы жұмыстар.

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды