«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды

Аймақтар
22.11.2024, 09:10
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, көнеден жеткен қолөнеріміздің насихатталуына өзіндік үлесін қосып жүрген маңғыстаулық теміржолшы Күнсұлу Бектұрғанның ұйымдастыруымен жақында Маңғыстауда «Syrmaq Fest» атты республикалық көрме-фестиваль өтті.

Жетібай станциясында жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып еңбек ететін Күнсұлу Бектұрған өңірге белгілі қолөнерші, «Ұршық» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының директоры. Биыл елордада өткен халықаралық «Көшпенділер ойындары» аясында ұйымдастырылған «Аламан құрақ» жобасына қатысып, Гиннестің және Қазақстанның құрақшылар рекордын жаңартқан ісмерлердің бірі. Негізгі қызметінен тыс уақытта өзінің «Асыл мұра» орталығында еліміздің түкпір-түкпіріндегі қыз-келіншектерге онлайн және оффлайн түрде сабақ беріп, қолөнерге баулып келеді.  

Облыс орталығындағы «Достық» үйінде өткен «Сырмақ фест» фестиваліне еліміздің түрлі өңірінен 150-ге жуық қолөнер шебері қатысты. Олар көрмеге алып келген жұмыстарын таныстырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Тегін шеберлік сыныптарын өткізіп, өз өнерлерінің қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап берді. Қыз-келіншектердің барлығы бір уақытта ұршық иіріп, «ұршық патидің» сәнін келтірді. Сырмақ, түскиіз, алатеру, текемет, басқұр, бау сынды қолдан дайындаған бұйымдарын сарапшылар назарына ұсынды. Өнерімен тәнті еткен шеберлер Астана қаласында этнограф, тарихшы, басқа да өнер саласын зерттеуші ғалымдар алдында қорғауға жолдама сертификат алды.  

Үш күнге созылған көрме-фестивальге қатысушылар да, оны тамашалауға келгендер де өте көп болды. Қолөнершілер дайындаған бұйымдарын қоятын орын жетпей жатты. Жергілікті шеберлер алыстан келген қонақтарға орын беріп, өздері тәжірибе алмасып, ұршық патиге қатысумен ғана шектелді. Сондай-ақ шараға мектептерде көркемөнер, еңбек пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдер де арнайы шақырылды. Қолөнерге әуестенген жас шеберлер де сол жерден табылды.  

– «Ана көрген тон пішер» дейді дана халқымыз, кезінде біз аналарымыз бен әжелерімізден үйренген ұлттық қолөнеріміз ұмыт қалмаса дейміз. Көбін бүгінгі ұрпақ біле бермейді, оны білетін аналарымыз да қалмай бара жатыр. Сондықтан жойылып бара жатқан сондай құнды дүниелерімізді жарыққа шығару, өскелең ұрпаққа көрсету мақсатында бүгінгі шараны өткізіп отырмыз. Астанадағы Қолөнер «Ұршық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бибігүл Кәрденованың жобасы септік етіп, бүгін мақсатымыздың бір бөлігі орындалғандай. Астанадағы ұйымымыз облыстарда осындай фестивальдар өткізейін деп жатыр дегенді естіп, алдымен Маңғыстауда ұйымдастырайық деп бастама көтеріп, шеберлердің басын қосып отырмыз, – дейді Күнсұлу ханым.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл