Мобильді топ: мониторинг не дейді?

Жаңалықтар
05.07.2022, 14:56
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компанияда мобильді топтар ресімделмеген жүктер мен билетсіз жолаушыларды анықтауда тұрақты түрде рейдтер өткізумен айналысып келеді. Өткен 4 айда мобильді топтар 1329 пойызды тексеріп, 29 билетсіз адам мен 8180 кг ресімделмеген жүк багажын анықтаған.

Анықталған кемшіліктер бойынша материалдар кінәлілерге қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен көліктік бақылау инспекциясына жолданған. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік қауіпсіздік қызметінің бастығы Құрман Елубаевтың айтуынша, пойыздарға рейд жүргізу барысында вагондарға техникалық қызмет көрсету және техникалық жағдайына қатысты талаптардың бұзылуы, сонымен қатар жиналмалы жұмсақ төсек орындардың стандарттарға сай еместігі, жолаушылар пойыздарының тазалығы мен санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтылуы тұрғысында кемшіліктер анағұрлым жиі кездеседі.  

– Негізгі техникалық мәселелер қатарына пойыздарда ауа желдеткіш жүйенің, тоңазытқыштың, қысқа толқынды пештің, ауыз су диспенсерінің, титан электр қыздырғышының жоқтығы немесе дұрыс жұмыс істемеуін жатқызуға болады. Сонымен қатар кемшіліктердің көбі қай өңірге тән деген сұраққа келсек, осы өткен 4 айда ресімделмеген тұлғалар мен жүк багажын тасымалдау бойынша анағұрлым көп акті «Оңтүстік» өңірлік аймақтық бөлімшелері бойынша жасалды, – дейді Қ. Елубаев. 

Пойыздарды тексеруге мобильді мониторинг топтарының 23 қызметкері 2-3 адамнан бөлініп шығады. Олар Алматы, Тараз, Атырау, Маңғыстау, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның өңірлік филиалдарының Орталық телімі бойынша бөлінген. 

– «Алматы-Атырау» пойызында ресімделмеген багаждың анықталғаны туралы айтсақ, биыл 29 сәуірде Шымкент-Түркістан телімінде «Алматы-2-Атырау» бағытында қатынайтын №41 пойызды тексеру барысында 4 жолаушылар вагонында жалпы салмағы 884 келі ресімделмеген багаж анықталған. Бұл факті бойынша біз пойыз бригадаларын жауапкершілікке тарту туралы 4 акті толтырдық, – дейді Қ. Елубаев. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы аталған вагон жолсеріктеріне қатысты ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісімшартын бұзды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті