Тағы бір сәби пойызда дүниеге келді

Жаңалықтар
22.11.2022, 10:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» бағытындағы №85/86 пойызында аяғы ауыр әйелді жолаушылар мен жолсеріктер босандырып алды.

Жолдасымен бірге Өзбекстанға кетіп бара жатқан келіншек айы-күні жетіп отырған екен. Аталған пойыз Сарышаған – Шу теліміне келген таңғы сағат 6 шамасында оның толғағы басталыпты. Пойыз бастығы Бибігүл Жомартоваға хабар жеткен бойда ол рация арқылы ең жақын станцияға жедел жәрдем шақыртады. Дәрігерлер келгенге дейін пойыз бригадасы әйелді босандыруға барлық жағдай жасайды. Жолаушылар арасынан дәрігер-гинекологтар мен фельдшерлерді тауып әкеліп, баланың аман-есен дүниеге келуіне септік етеді. Әсіресе еңбек демалысында Тараздағы туыстарына бара жатқан елордалық жедел жәрдем қызметкері Сымбат Мұсаханның көп көмегі тиген.  

«Жолсеріктер радиобайланыс арқылы медицина мамандары керек екенін хабарлады. Мен №23 вагонда едім, ал босанатын әйел 21 вагонда болды. Дереу жетіп келдім. Босандыруға қажет заттың бәрін тауып берген теміржолшыларға рахмет!», – дейді Сымбат Мұсахан.  

Ата-анасы аман-есен дүниеге келген ұлына Мұхаммед деп есім берді. Одан әрі ана мен баланы Шу станциясындағы медициналық бригада перзентханаға алып кеткен.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті