Боран салдарынан жолда қалған халық пойызбен жеткізіліп жатыр

Жаңалықтар
04.01.2023, 11:30
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл облысында боран салдарынан жолда қалып қойған халық пойызбен елдімекендерге жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ескертуді елемегендер жолда қалды. Мұның алдында ғана жамбылдық жұртшылықтың ұялы құрылғыларына Құтқару қызметінен «2-4 қаңтар аралығында Жамбыл облысында жылдамдығы сағатына 30 м/с желдің ұйытқуы болатыны» жөнінде хабар келген болатын. Алайда, бұл ескертуді елемегендер жолға шығып, табиғаттың тосын мінезіне тап болды. Ұйытқыған боранның ортасында қалды.

3 қаңтарда таңертең басталған дауылдың салдарынан Жуалы ауданындағы облыстық маңызы бар Б. Момышұлы-Қошқарата-Қосқұдық, сағат 10.00-де Қаратау-Жаңатас, Тараз-Шымкент тас жолдары жабылды. Облыс әкімінің тапсырмасымен жедел құрылған штаб Жуалы, Талас, Сарысу аудандары мен облыс орталығындағы жағдайды назарға алды. Тіпті, Сарысу ауданында жергілікті сипаттағы табиғаттың тосын мінезіне орай төтенше жағдай жарияланды. Жарық өшті, жылу мен ауыз су тоқтады. Талас, Сарысу аудандарында көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ұшты. Тал-теректер құлады. Дегенмен адам шығыны жоқ.

Төтенше жағдайға орай Жамбыл бөлімшесінің Бас инженері Дүйсен Сыдықов пен Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары Бейбіт Садықбеков жамбылдық теміржолшылармен алдын алу шараларын пысықтап, пойыздар қозғалысы мен жолаушылар қауіпсіздігін еңсеру үшін барлық мекемелермен жедел байланыс орнатты.

3 қаңтар. Сағат кешкі 20:30.  

«Таңертең дауыл басталысымен-ақ, Қаратау және Жаңатас станцияларында жарық өшті. Станцияларға жарық дизельдік генераторлармен берілді. Жаңатас қаласында 10 электр бағаны құлаған. Оның үшеуі Жаңатас станциясындағы бірінші жолдың бойында. Ал, Күйік асуында жолда қалған автобус және такси жолаушылар Боранды, Шақпақ, Күркереусу станцияларына жеткізілді. Қазір жолаушылар легі толастады. Өйткені, жол-патрульдік полиция өкілдері бергі шеті Күйік асуы, арғы шеті Шақпақты жауып, көліктерді тоқтатты. Жоғарыдағы жолаушылар күндіз жолда қалған азаматтар болатын» - дейді Жамбыл бөлімшесінің Бас инженері Дүйсен Сыдықов.

Біз Тараз бекетіндегі жағдайды да білген едік. Вокзал бастығы Дидар Мүсіретәлиевтің айтуынша, вокзалда адам шоғары әлі толастамаған.

–  Қазір Астанадан пойыздар 1-3 сағат кешігіп келіп жатыр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды бөлімшесінде кедергілер болып жатқан секілді. Ал, Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бізге қарай келген пойыздар 20-30 минут кешігуде. Әрине, жолда қалған жолаушылардың вокзалға ертерек келгендері билет алып үлгерді. Кеш келгендеріне билет жетпеді. Өкінішке орай, біздің бөлімшеде қосымша жегетін вагондар жоқ. Сондықтан, Астанамен хабарласып, жол серіктермен келісіп жолаушыларды транзиттік пойыздарға мінгізіп жатырмыз, – дейді вокзал бастығы.

Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары Бейбіт Садықбековтің айтуынша, Тараз вокзалынан Шымкент, Түркістан, Қызылорда бағытына №23 «Алматы – Ақтөбе», №11 «Алматы – Шымкент», №71 «Нұрлыжол – Шымкент», №55 «Көкшетау-Қызылорда», №21 «Семей – Қызылорда», №41 «Алматы – Атырау», №87 «Алматы - Сары-Ағаш», №45 «Павлодар – Түркістан» жолаушылар пойыздары арқылы 570 жолаушы жөнелтілген.  

–  Боранды, Шоқпақ, Күркереусу станцияларынан жолда қалған 258 жолаушы Тараз, Түріксіб, Шу бағытына пойыздарға мінді. Әлі Айша бибі ауылында 15 жолаушылар автобусы тұр. Сондай-ақ, вокзалға келген жолаушылардың жас балалары бар аналарға қонақ үйден тегін орын беріліп, барлығына ыстық шәй ұйымдастылды, – деді ол.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті