Колледж студенттері тәжірибе жинақтауда

Жаңалықтар
15.02.2023, 16:30
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

М.Тынышбаев атындағы Ақтау көлік колледжінде оқып жатқан болашақ теміржолшылар түрлі тәжірибеден өтіп, кәсіби білімдерін жетілдіре түсуде.  

Екінші курста оқитын бір топ студент теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында теміржол мекемелерінде сынақтан өтуде. Сондай-ақ жуырда колледждің бір топ студенттері «Теміржол рельс тізбектері қондырғыларының жұмыс жасау принциптерімен танысу» тақырыбында ұйымдастырылған арнайы тәжірибелік сабаққа қатысып, рельс тізбектерінің қыр-сырына қанықты. Ал «Каскор-Транссервис» теміржол мекемесінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс учаскесінің бастығы А.Аманжоловтың басшылығымен тәжірибелік дәрістер өтіп жатыр.    

Оған қоса білім ордасында қазір «Автоматика, телемеханика және локомотив шаруашылығы» бөлімшесінің арнайы пән оқытушылары «Worldskills Kazakhstan» жобасына қатысу үшін дайындық жүргізуде. Бұл әзірлік кезеңінде де шәкірттер біраз дүниеден хабардар болып, тәжірибелерін толықтыра түсті.  Аталған жобаның колледжішілік кезеңі сегіз құзыреттілік бойынша өтеді. Олар – Логистика; Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару; Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Жол қозғалысын ұйымдастыру; Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл