Анар Жалғасбаева: «Әр еңбек адамы мен үшін қымбат»

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Персоналды басқару,  яғни кадр бөлімінің басшысы – қандай да бір кәсіпорындағы негізгі мамандық. Қызметкерді жұмыс орнына қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, біліктілігін арттыру, марапатқа ұсыну, тағы басқа жұмыстар оның функционалды міндеті болып саналады. Анар Жалғасбаева Атырау магистральдық желі бөлімшесінде 18 жылдан бері осы қызметті абыроймен атқарып келеді.  

Әрине, темір жол, соның ішінде магистральдық желі көп тармақты мекеме, құрылымдық бөлімдері де аз емес. Оның әрқайсысында жүздеген адам еңбек етеді. Сондықтан әр жұмысшыны бағалау, олардың ұсыныс-талаптарын қанағаттандыру, әркімнің қадір-қасиетіне жете білу үлкен біліктілікті, сыйластықты қажет етеді. Құрылымдық кадр бөлімі басшыларымен тығыз қарым-қатынас орнату да маңызды.  

– Жұмысқа келгенде үйдің тірлігі ысырылып қойылады да, жан-тәніңмен сан-салалы өз міндетіңе кірісесің. Кадр жұмысы тек жұмысқа қабылдау не шығарумен шектелмейді, сол екі арада неше түрлі жағдайлар болып жатады. Алға басқанды көтермелеу, қалып бара жатқанына демеу бола білу де қажет. Өйткені теміржолшы болу қауіпті де жауапты жұмыс екенін түсінемін. Сол себепті әр еңбек адамы мен үшін қымбат, – дейді ол.

Анар Амантайқызы Атырау мұнай-газ институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, темір жолдағы еңбек жолын есепшіліктен бастаған. Содан жетекші инженер, салық бөлімінің бастығы, персоналды басқару бөлімінің менеджері, кейін басшысы болып күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді. «Үздік маман»,  «Адал еңбегі үшін» төс белгісінің, «Үздік басшы» дипломының иегері, басқа да марапаттары аз емес. Биыл «Мамандығым – тағдырым» байқауына да қатысты. Төрт баланың анасы. «8 наурыз мерекесінде жыл сайын қыз-келіншектерді марапаттап, қуантуға тырысамыз. Зейнеткер аналар да ұмыт қалмайды. Баршасы да жүздерінен күлкі кетпей, әрдайым шуақ боп шашыла бергей. Мереке құтты болсын!» дейді Анар.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті

Басқа да жаңалықтар