Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мереке қарсаңында қыздардың жұмыс үстеліне гүл шоқтары мен мейрамханаға шақыру билеті қойылды.

«Таңертең жұмысқа келгенде қыздарымыздың алдында бір шоқ гүл тұрса, мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сондай-ақ соңғы жылдары пандемия әсерінен корпоративтік рухты көтеру жағы кенжелеп қалғанын ескеріп, әйелдер қауымын мейрамханаға шақырып сыйлауды ұйғардық», – дейді кәсіподақ жетекшісі Боранбай Қамиев.  

Сонымен қатар, барлық нәзікжанды қызметкерге 5 мың теңгеден таратылып, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын вокзал шаруашылығы қыздарына сән үйіне сертификат, ұжымға қысқатолқынды пеш сыйға берілді.