Қария бар қазына боп қартаяр...

Жаңалықтар
07.04.2017, 12:32
Семей теміржолында еңбек жолымен өнеге, қоғамдық қызметімен үлгі болып жүрген сала ардагерлерінің қатары мол. Күні кеше сексен жылдығын атап өткен абыз ақсақалдардың алдыңғы сапында жергілікті «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры, аймақтың қадірменді қариясы Мақсұт Көшжановтың орны бөлек.    Жас буын теміржолшылар «Музей ата» атандырып жіберген қадірменді қария наурыздың  22 күні сексен жасқа толды. Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен қала әкімі Ермак Сәлімов ақсақалды сахна төріне шақырып, сый-құрмет көрсетіп, иығына құндыз жағалы оқалы шапан жапты. Семей теміржолында жарты ғасыр  еңбек еткен ардагерге сонау Астанадан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев та құттықтау хат жіберіп, ізгі лебізін білдірген екен. – Ежелден қариясын қастерлеген елдің ұрпағымыз. Бүгінгі  Ұлыстың ұлы күнінде сексен жастың биігіне абыроймен көтеріліп отырған сала ардагері Мақсұт Көшжанұлының  Семей теміржолына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ардагердің тікелей бастамасымен ашылған «Түрксіб-Семей» мұражайы бүгінде семейлік теміржолшылардың мақтанышы, тарихи жәдігеріне айналып отыр. Осындай қазына болып қартайған қартымызға ұзақ ғұмыр, денсаулық тілейміз, – деді өз сөзінде бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы. Ілтипат білдіруші көпшілік алдында ақсақалдың өзі де сөз алып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп өтті.   Мақсұт Көшжанов сонау 1937 жылы Ұлыстың ұлы күнінде Абыралы өңірінде өмірге келген. Небары 5 жаста соғысқа аттанған әкеден, 9 жасында шешеден айырылып, өмірдің барлық қиындығын  күш-жігерімен жеңіп, зор жетістіктерге жеткен жан алдымен Се­мейдің №13 теміржол учи­ли­ще­сін бітіріп,  әрі қарай тағы оқуды мақсат тұтып, 1959 жылы Ташкент теміржол институтына түседі. Сөйтіп, оны сол жылдардағы қазақ баласы үшін таңсық саналатын «автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша бітіріп шығады.   Диплом алған соң елге келіп, теміржол саласындағы қайнаған еңбекке араласқан жас маман жылдар өте келе, қарапайым электромонтерден бастап, бас инженер дәрежесіне дейін өсіп, абырой арттырады. Аға ұлттың өктемдігі мол ол жылдарда қазақ баласының теміржолдағы аса жауапты байланыс және белгі беру саласында қызмет атқаруы, басшылық қызметтерге қол жеткізуі некен-саяқ болатын. Алайда, Мақсұт Көшжанов Қапсидар Омарұлы сынды есімі республикаға мәшһүр әйгілі байланысшының мектебінде шыңдалып, өз саласы бойынша сол кездегі өлшем бойынша тамаша карьера жасайды. Бүгінде зейнеттегі  ардагер қоғамға қызмет сіңіруді борышым деп біледі. Семейдегі «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының белсенді мүшесінің  теміржол саласы бойынша қосып жүрген үлесі зор. Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы. Әйтсе де, ақсақалдың абырой атағын өз күшімен  ашқан «Түрксіб-Семей» мұражайы тіптен ерекшелей түсті. Екі жыл бойы күш жұмсап, ғажап музей ашып, таңқаларлық экспонаттармен толықтырды. Бүгінгі Семей теміржолының көзкөргені болғандықтан дерек пен дәйек жинау қиынға түскен жоқ. Қазіргі күні Мақсұт Көшжанұлының ширақ қимылына, бастамашылдығы мен белсенділігіне қарап, сексенге келді деуге келмейді. Ойының алғырлығы, өзі бастаған ісіне құлшына кірісетін энергиясына қырықтағы жігіттер қызығатыны сөзсіз...   –Мен үшін жас күнімде қазақ теміржолына қызмет етіп, көркейту өмірлік мақсатым болса, зейнет жасына жеткен соң мұражай ашып, Түрксіб теміржолының тарихын, ерен еңбеккерлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру басты мұратым болды. Шүкір, оған да қол жеткіздім. Тек қатарластарымның айтарлықтай сиреп қалғанына мұңаямын. Мен туған ауыл Семей ядролық сынақ полигонының дәл эпицентрінде еді. Біз 84 бала мектеп бітірдік, бүгінде солардан алтау-жетеу ғана  қалыпты. Біздер Дегелең – Қайнар жерінде ядролық сынақтар астында ержеттік. Сол сынақтардан аман қалғандардың бірі менмін, – дейді сүйегі асыл қария.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды