Теміржолшы Темірзақ жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
25.11.2024, 10:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміз қырық жылдай теміржолдың жол шаруашылығы саласында еңбек еткен, өз ісінің хас шебері. Аты да затына сай, темір жолдың бойында туған оны теміржолшы әкесі Темірзақ деп атапты.  

Бұл – Сағыз станциясында 1967 жылы дүние есігін ашқан Темірзақ Нұрбай. Әкесі Нұрбаев Кетебай темір жолда бас кондуктор болыпты. Анасы Рахима үй шаруасында, отағасы мен бала шағасының жайын жасаған. Ал кондуктор деген ол кезде өте жауапты әрі мазасыз жұмыс болатын. Вагондардың қозғалысын реттеуші, қадағалаушы тұлға, оның рұқсатынсыз машинист пойызды орнынан қозғалтуға болмайтын. Сондай-ақ ұрлық-қарлықтың да болмауын қадағалайтын. Қазіргі тілмен айтқанда ревизор, вагон қараушы, әрі күзетші, әрі белгі беруші, т.б. жұмыстарды қатар атқара беретін.  

Темірзақ Нұрбай 1982 жылы Ақтөбе теміржол техникумына түсіп, оны жол шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сосын сол кездегі бұлжымайтын тәртіп бойынша әскер қатарына шақырылып, Забайкалье әскери округында борышын өтейді. Старшина дәрежесіне дейін көтеріліп және взвод командирінің орынбасары болып әскери міндетін атқарады.  

Әскерден оралған соң өзі таңдаған мамандығы бойынша сол кездегі №13 Гурьев жол дистанциясына Гурьев – Сағыз жол аралығының жол жөндеушісі болып жұмысқа тұрады. Содан бері, міне, 38 жыл бойына табан аудармай сол жолда еңбек етіп келе жатыр. Жол жөндеуші, жол бригадирі, жол шебері және аға жол шебері, Атырау жол дистанциясы бастығының орынбасары, учаске бастығы сынды лауазымдарды абыроймен атқарып, талай қиындықтарды бастан өткерді.  

Темірзақ Кетебайұлы өте тәжірибелі маман, жол жөндеу жұмыстарының барлық түрін мықты меңгерген азамат. Ол «Oliver Wyman» компаниясының жол шаруашылығының инфрақұрылымын басқару және пайдалану жүйесін өндіріске енгізу бойынша көп еңбек сіңірді. Нәтижесінде 2322 түйіспе жойылып, соның әсерінен рельстердің ақаулығы азайды, рихтовка, төсемнің шөгуі, қисаюы жойылып, пойыздардың жүрісі жақсарды, жолдың жоғарғы қабатының материалдары үнемделді. Ол өзінің учаскесіндегі жолды күтіп-ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жанын салатын. Оның учаскесінде негізінен баяғы ағаш шпалдар болғанына қарамастан, мобильді-диагностикалық кешен бойынша «жақсы» деген көрсеткішке ие болатын және ол кезде жолда малға қоршау деген жоқ болса да  оның учаскесінде малдың жолға шығып кетуіне жол берілмейтін. Өзінің адалдығы, іскерлігі, жұмысты дұрыс жоспарлап, ұйымдастыра білу қабілетінің арқасында ол талай жетістіктерге қол жеткізді, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаев.

Қажырлы еңбек, маңдай тердің арқасында Темірзақ Нұрбай салалық басшылық тарапынан талай марапатқа ие болды. Былтырғы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын алса, биыл «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін кеудесіне тағып, саланың ең жоғарғы марапатына ие болды.  

– Біз еңбек жолымызды бастаған жылдары бүгінгідей техника жоқ, көп жұмыс қолмен жасалатын. Ол кезде ағаш шпалдар отырып, опырылып, жарылып, сынып кету де жиі орын алатын. Оларды уақытылы ауыстырып отыру жолшының міндеті болды. Алмастыра қоюға дайын материал да тапшы болып, бірін біріне жамап, қалай да тығырықтан шығып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз еткенше тыным таппайтынбыз. Бүгінде түйіспесіз ұзын өлшемді рельстер, темірбетон шпалдар, кешенді жол техникасы бар, қысқасы, жұмыс істеудің өзі жанға рахат сыйлайды, – дейді тәжірибелі жолшы.

«Әке көрген оқ жонар» деген осы шығар, Темірзақ Кетебайұылының төрт ұлы да теміржолшы мамандығын таңдапты. Қазір олар өлке темір жолының әр саласында абыроймен қызмет етіп, өз кәсіптерінің білікті маманы атанып жүр. Нұрбаев Нұрболат – ЭЧ-4 Сағызда аға электромеханик, Кетебаев Еркебұлан – РЦУПТ бөлімше кезекшісі, Нұржан – Рзд-265 СОБ механигі, ал Темірзақұлы Бекзат – жол шебері. Ал енді осы төрт ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Бақытгүл Әжмағамбет темір жол көпірлерін қадағалау маманы. Зейнет жасына да жақындады. Отағасы екеуі көп жылғы еңбегінің жемісін көріп, немерелерін қызықтап, бақытты ата мен әже болып отыратын күн де алыс емес.  

 

Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады