Өзекті тақырыптар талқыланды

Жаңалықтар
16.05.2023, 11:19
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның ұйымдастыруымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалындағы жұмыскерлердің жағдайына қатысты кездесу өтті.

Жиынға ПЧ, ЭЧ, ШЧ мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Сонымен қатар Магистральдық желі дирекциясынан департаменттер басшылары мен мамандар арнайы шақырылды.  

Отырысқа «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев төрағалық етті. Жиында құрылымдық теміржол бөлімшелеріндегі еңбек жағдайы, құрал-саймандармен жабдықталуы және басқа да өзекті мәселелер туралы кәсіподақ өкілдері жан-жақты сөз етті. Кәсіподақ өкілдері атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директоры Сәкен Рахметовке сауалдар жолданып, еңбек жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстар берілді. Кадр мәселесі бойынша сауалдарға Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева жауап берді. Жарты күнге созылған жиын барысында әсіресе Павлодар, Атбасар станцияларындағы жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының жай-күйі, сұраныстары баяндалды.  

Түстен кейін кәсіподақ басшылығы жиналған мекемелердің кәсіподақ басшыларымен бас қосып, қорытынды шығарды. Айтылған сұрақтар бойынша хаттама толтырылды. Алдағы уақытта сол бойынша компания басшылығы шешім қабылдап, тиісті шаралар атқарылатын болады.  

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр