Жолаушы вокзал қызметкерлеріне алғыс айтты

Жаңалықтар
08.09.2023, 10:53
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының қызметін пайдаланған жолаушы вокзал қызметкерлеріне алғыс айтты. Қарапайым қызметін үлкен ілтипатпен жасап, ең алдымен адамгершілік танытқан теміржолшы қауымға риза болған азамат алғысын әлеуметтік желіге жүктеген.

Ақтөбе теміржол вокзалына жолы түскен жолаушы пойыздан түскен соң қан қысымы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтады. Вокзал қызметкерлері дереу көмек беріп, сосын қонақ үй тауып беріп, керек жеріне дейін жеткізіп тастаған.  

«Ақтөбе вокзалының сыртында тұрмын. Бұл қалаға жеке шаруаларыммен келген едім. Аздап қан қысымым көтеріліп кетті. Вокзал қызметкерлеріне жағдайымды айтқанда бірден қол ұшын созып, орналасатын қонақ үйге дейін тауып берді. Тіпті қол жүгімді көтерісетін қызметкерін ертіп жіберіп, мені тиісті мекен жайға апара жатыр. Қандай керемет, қызметтеріңізге ризамын», – деген жолаушы видеода қасында келе жатқан теміржолшыны да көрсеткен.  

Желідегі видео астына көпшілік алғыс жаудырып, пікір қалдырды. Жағымды жаңалықты жиі салуды сұрағандар адамгершілік қашан да алдыңғы орында болуы керектігін, қарапайым байланыстарды шынайы жасау керектігін жарыса жазды.  

Ал вокзал басшылығы әрбір жолаушыға қызмет көрсету міндетіміз деді.  

«Вокзал кешені – адам көп шоғырланатын қоғамдық орын. Мұнда барлық нәрсе бақылауда. Жолаушылардың қауіпсіздігі ерекше назарда. Көмек сұраған жолаушыға қажеттінің бәрін жасаймыз», – деді Ақтөбе теміржол вокзалы басшысының міндетін атқарушы Арсен Кенжин.  

Ақтөбе вокзалында жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Кез келген ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған билет кассасы, электронды кезек жүйесі жұмыс жасайды. Төлем терминалдары, пойыздардың жол жүру кестесі, ақпараттық-анықтама тақтасы да бар. 4 асхана, дәріхана, полиция бөлмесі, жүк сақтау қоймасы, күту залы, дүңгіршектер, ақысыз әжетхана бар.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға