Роза Рымбаева: Жолсерік болу арманым еді

Жаңалықтар
02.10.2023, 11:56
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева бала кезде жолсерік болсам деген армандағанын айтады.  Жуырда «Хабар» телеарнасындағы «Алғашқы» хабары әншінің арманын бір сәтке болса да орындады.    

Бұл бағдарламада кейіпкермен тек сұхбат құрылып қана қоймай, келген қонақтың армандаған дүниесіне қол жеткізіп, бір сәт сезінуіне мүмкіндік беріледі. Түсірілім барысында Роза Қуанышқызы Алматы-2 және Алматы-1 станциялары аралығында жолсерік рөлін атқарды. Бұл аз ғана сапар кезінде жолсерік роліндегі сүйікті әншілерін көрген жолаушылардың қуанышында шек болмаған. Өзі де теміржолшының қызы болған әншінің бұл мамандықты армандауы тегіннен тегін болмаса керек.  

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Күні-түні жолаушылар және жүк пойыздары ерсілі-қарсылы өтетін станцияда тоқтаған вагондарды, аялдаған жолсеріктерді көріп, форма киген теміржол қызметкерлеріне қызығуы заңды да. Оның үстіне үнемі жұмыста болатын әкесін үйге келгенде қуана қарсы алып, темірдей тәртіпке негізделген қызметінің ауырлығы да, жауапкершілігі де зор екенін сезініп өседі. Дегенмен теміржолшы Қуаныш Рымбаевтың 8 баласының көбі өнерге жақын болып, соның ішінде Роза қазақ ән өнерінде жұлдыз болып жарқырайды.  

Бағдарламаның жақсы шығуы үшін телеарна ұжымы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан пойыздағы түсірілімді ұйымдастыруға көмек сұраған. Осылайша Алматы-Шамалған немесе Алматы-Қапшағай бағытындағы жолаушылар пойызына рұқсат алған түсірілім тобына ҚТЖ, яғни «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан әншінің дене өлшеміне сәйкес жолсерік киімі ұсынылған. Сонымен қатар теміржолшылар әншіге жолсеріктің жұмысын түсіндіретін нұсқаулық берген. Осылайша бала күнгі арманы теміржолшылардың қолдауымен бір сәтке орындалып қуанышқа бөленген әнші   болат жолдағы барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.  

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер