Шеберлік сабағында конкурстық комиссия мүшелерінің жауапкершілігі туралы айтылды

Жаңалықтар
19.10.2023, 10:54
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалының бас инженерлер блогы қызметкерлеріне арналған шеберлік сабағы өтті. Қызметкерлер сабаққа онлайн да, қашықтан зум арқылы да қатысуға мүмкіндік алды.  

Шеберлік сабағының тақырыбы «Конкурстық комиссия үміткерлерімен әңгімелесу жүргізу тәртібі» деп аталды. Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес серіктесі Динара Сәрсембаева мен бас менеджері Дархан Төкенов жүргізген жиынға аталған департамент директоры Сәуле Истлеева да қатысты.  

 – Сабақ барысында конкурстық іріктеу кезеңдері, алғышарттары, әңгімелесуді жүргізу форматы, үміткерлер біліктілігін бағалау, конкурстық комиссия мүшелерінің жауапкершілігі туралы айтылды. Сонымен қатар компанияның басқарушылық және корпоративтік біліктілік моделі, біліктілікті анықтау бойынша жобамен қойылатын сұрақтар туралы да сөз болды, – дейді Д.Төкенов.  

Біліктілікті бағалауға арналған сұрақтардың ішінде адамдарды басқару бойынша «Сіз өзіңіздің қарамағыңыздағы қызметкерлермен қандай байланыс орнатасыз?», «Өз қызметкерлеріңіздің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоясыз?» деген сауалдар болды. Ал сапа мен нәтижеге бағытталған жұмыстар бойынша «Әдетте ауқымды жұмыстарды қалай атқарасыз?», «Қысқа уақыт ішінде қандай жоба немесе іс-шараны қалай ұйымдастырдыңыз?» деген сауалдар қойылатыны айтылды. Сол сияқты командалық жұмыстар, көшбасшылық, ынталандыру, тайм менеджмент бойынша да қабілеттерді анықтауға арналған сұрақтар легі ұсынылды.  

С. Истлеева мұндай оқыту тәжірибесі еліміздегі басқа да ұлттық компанияларда да, мемлекеттік құрылымдарда да бар екенін жеткізді. Сабақ барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды