10 айда теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 297 млн тоннаны құрады – министр

Жаңалықтар
21.11.2023, 09:50
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмасына орай Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы негізгі көліктік транзиттік хабке айналдыру міндеті тұр. Осыған орай жүктелген тапсырмалардың дені теміржол саласына қатысты. Бүгінгі таңда елімізде 16 мың шақырымнан астам теміржол болса, алдағы уақытта соның ұзындығы тағы 1300 км-ге ұзарады.

Осы мақсатта қазіргі таңда 4 ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы кеше ҚР көлік министрі Марат Қарабаев көлік саласын одан әрі дамытудың және аталған министрлік құзіретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша өткізген баспасөз конференциясында айтты.  

Атап айтқанда, бұл жобалар бұған дейін қолға алынған Достық-Мойынты, Жетіген-Қазыбек бек және енді басталатын Дарбаза-Мақтаарал, Бақты-Аякөз темір жолдары. Бұл жобалардың екеуі бойынша бүгінде жұмыстар басталып кетті, қалған екеуі жыл соңына дейін жүзеге асырыла бастайды.  

– Бақты-Аягөз жолының құрылысы биыл басталады, жоба қуаттылығы – жылына 20 млн тонна жүк. Ал Дарбаза-Мақтаарал жолы Өзбекстанмен шекарада қосымша 10 млн тонна жүк өткізуге мүмкіндік береді. Осылайша Орта Азия бағытындағы түйісу нүктелері арқылы жүк тасымалын 40 млн тоннаға жеткізу көзделуде, – деді көлік министрі.  

Марат Қарабаевтың айтуынша, биылғы 10 айда теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 297 млн тоннаны құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Жыл соңына дейін мұны 300 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Транзиттік тасымал көлемі 20 пайызға өсті. Сонымен қатар қолданыстағы теміржолдарды жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондар сатып алу, станциялар мен вокзал кешендерін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.  

– Қытай мен Қазақстан теміржолдары арасындағы екі түйісу нүктесі арқылы жүк тасымалы 28 млн тоннаны құрады. Осы нүктелер бойынша 2024-25 жылдары сол жақта қосымша 20 станциялық жол салу көзделуде. Бұл қосымша 14 млн тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Өзге елдермен де шекаралық өткелдердегі өткізу қабілетін арттыруға күш салынуда. Одан бөлек елдің ішінде жүк тасымалын жақсартуға жаңа вагондар мен локомотивтер алынып жатыр, соның арқасында аталған нүктелердегі жүк тасымалы 56 млн тоннаға дейін жетеді, – деді министр.  

Жаңадан құрылған министрлікте су мен теміржол комитеті жасақталғанын тілге тиек еткен министр брифингте елдегі порттардың жағдайына да тоқталып өтті.  

– Қазіргі таңда ТХКБ дәлізінің танымалдылығы артып келеді. 2021 жылы осы дәліз арқылы 800 мың тонна жүк тасымалданса, былтыр ол 1,6 млн тоннаға жетті. Биыл 3,5 млн тоннаға жету көзделіп отыр. Жүктер Еуропа мен Азияның арасында тасымалданғанда үш елден өтеді. Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия. Осы үшеуінің арасында бірыңғай бір компания ашылып, ол Астана қаржылық орталығында тіркелетін болып шешілді. Бұл компания бірыңғай логистикалық жағдайды жасап, бірыңғай тариф пен нақты жеткізу мерзімі белгіленетін болады. Егер бұрын жүктерді жеткізу мерзімі 50 күнге созылса, ендігі мақсат соны 15 күнге қысқарту, – деді министр.  

Баспасөз конференциясында, сонымен қатар, ведомство басшысы журналистердің көлік саласына қатысты түрлі сауалдарына жауап берді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті